11.01.2011, 15:01 3822

Алдын-ала мәліметтер бойынша, елімізде 2010 жылы Ішкі жалпы өнім 7 пайызға өскен

Алдын-ала мәліметтер бойынша, 2010 жылы елімізде Ішкі жалпы өнім 7 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Астанада селекторлық режимде өтіп жатқан Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 11 - қаңтар. Kazakhstan Today - Алдын-ала мәліметтер бойынша, 2010 жылы елімізде Ішкі жалпы өнім 7 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Астанада селекторлық режимде өтіп жатқан Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, "2010 жылдың алдын ала қорытындысы ерекше ынталандырады. Жалпы айтқанда, өткен жылы жақсы жұмыстар атқарылды. Болжамды бағалау бойынша елімізде Ішкі жалпы өнім 7 пайызға өсті. Яғни, Елбасы қойған мақсат-міндеттер орындалды",- деп атап өтті Үкімет басшысы.

ҚазТаг агенттігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 2010-шы жыл инфляция 7,8%, өнеркәсіп 10%-ға өсіп, құрылыс - 1%, сауда - 12%, көлік - 7,4%, байланыс - 5%-ға өскен.

"Яғни, мемлекет басшысы алдыға қойған міндет орындалды деуге болады", - деп қорытындылады премьер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны