10.07.2015, 18:57 3883

Илемдегі экономикалық дағдарысқа қарамастан мемлекет барлық әлеуметтік міндеттерін орындайды - Б.Сапарбаев

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Бердібек Сапарбаевтыӊ Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаевтыӊ тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздіӊ әлеуметтік дамуына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Астана. 10 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Бердібек Сапарбаевтыӊ Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаевтыӊ тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздіӊ әлеуметтік дамуына арналған баспасөз конференциясы өтті. Оған сондай-ақ ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сөйлеген сөзінде Б.Сапарбаев Президенттіӊ Үкіметке жүктеген басты міндеті, бұл - экономикалық өсім қарқындарын сақтау, азаматтардыӊ әл-ауқатын арттыру және жаӊа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету екенін атап өтті, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Сонымен, жұмыссыздықтыӊ артуына жол бермеу мақсатында сәйкес шаралар қабылданды. Атап айтқанда, барлық өӊірлерде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудіӊ Кешенді жоспарлары бекітілген, олармен 322 мыӊнан астам адамды қамту жоспарланған. Бүгінгі таӊда 191 мыӊнан астам адам еӊбекпен қамтылды. 2,2 млн. адамды қамти отырып, жұмыс орындарын және жалақыны сақтау бойынша 66 мыӊнан астам меморандум жасалды.

"Илемдегі экономикалық дағдарысқа қарамастан, еліміз мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында барлық әлеуметтік міндеттерін орындайды", - деп сендірді вице-премьер.

Денсаулық сақтау саласына қатысты Б.Сапарбаев "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру кезеӊінде халық денсаулығыныӊ негізгі көрсеткіштері оӊ динамикаға ие болғанын баса айтты. Өмір сүру ұзақтығы 2010 жылы 68,41 жастан 2014 жылы 71,6 жасқа дейін ұзарды, жалпы, ана және бала өлім-жітімі, туберкулезге, онкологиялық және жүрек-қан тамыры ауруларына шалдығу азайып келеді.

"Сонымен қатар, Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша 2016-2020 жылдарға арналған денсаулық сақтаудыӊ жаӊа мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде. Оныӊ негізгі бағыттары алғашқы медициналық-санитарлық көмекті және денсаулық сақтаудыӊ кадрлық әлеуетін, сондай-ақ денсаулық сақтауға ынтымақты жауапкершілікті қамтамасыз ететін әлеуметтік медициналық сақтандыруды кезеӊ-кезеӊмен енгізу болып табылады", - деп толықтырды Премьер-Министрдіӊ орынбасары.

"Балапан" бағдарламасын жүзеге асырудыӊ арқасында балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 78,6% құрады. Ағымдағы жылдыӊ соӊына дейін МЖС жобаларын жүзеге асыруды ескергенде қосымша 162 мектепке дейінгі ұйым ашылады, бұл балалардыӊ 81%-ын қамтиды.

"Балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен жүз пайыз қамту бойынша Президенттіӊ тапсырмасы 2020 жылға дейін орындалады", - деп баса айтты Б.Сапарбаев.

Орта білім беруде 12-жылдық оқыту үлгісіне кезеӊ-кезеӊмен көшу жүзеге асырылады, ү.ж. қыркүйегінен бастап бастауыш мектепке "НЗМ" тәжірибесін ескеріп, 30 мектептіӊ базасында оқыту және оқу бағдарламаларыныӊ жаӊа Стандартын апробациялау жоспарланған, сондай-ақ еліміздіӊ екі өӊірінде 10-11 сыныптарда жан басына шаққандағы қаржыландыруды апробациялау жалғасын таппақ.

"Ағымдағы жылы 128 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. 2018 жылға дейін апатты және үш ауысымды мектептерді жою мәселелері толық шешіледі", - деп баса айтты вице-премьер.

Бұдан өзге, Үкімет дуальді білім беру жүйесініӊ Жол картасын бекітті, оныӊ шеӊберінде колледждер саны 280-нен 370-ке дейін артады.

Өткен жылдан бері "Серпін-2050" бағдарламасы бойынша жұмыс күші мол аймақтардыӊ 2050 студенті оқып жатыр. Ағымдағы жылы гранттар саны 2,5 есеге артады. Қайталанатын мамандықтар санын азайту, ТжәнеКБ мамандықтарын даярлау мерзімдерін қысқарту, ЖОО желісін оӊтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Ғылымда ғылыми-білім беру кешендеріне ерекше көӊіл бөлінеді. Мысалға, ҚазҰТУ "Парасат" холдингімен біріктірілді, жетекші ЖОО-дары ірі ғылыми орталықтармен біріктіріледі. Сондай-ақ, ғылыми жобалардыӊ нәтижелерін енгізу, халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдарды арттыру, жастарды ғылымға тарту басымдықтар болып табылады.

Б.Сапарбаевтыӊ мәліметінше, шамамен 4,3 млн. қазақстандық дене шынықтырумен және спортпен айналысады, бұл еліміздіӊ тұрғындарыныӊ 25%-ын құрайды. 2020 жылға қарай аталған көрсеткішті 30%-ға жеткізу жоспарланған.

Сонымен қатар, өӊірлерде спорт және мәдени ғимараттардыӊ аз жүктелуі байқалған.

Бұдан өзге, Б.Сапарбаев Калачи, Березовка, Бестау ауылдары және Красногорск кентініӊ тұрғындары 2015-2016 жылдары республикалық және жергілікті бюджет, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг және демеушілердіӊ қаражаты есебінен өмір сүруге қолайлы жерге көшірілетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ, вице-премьер Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сәйкес Қазақ хандығыныӊ 550-жылдығына дайындық және оны өткізу бойынша Іс-шаралар жоспары жүзеге асырылып жатқанын, оған сәйкес 100-ден астам ірі іс-шара жоспарланғанын еске салып өтті. Өӊірлік деӊгейде 700-ден астам іс-шара жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны