22.04.2009, 17:10 3096

Алматы әкімі қалада жарық апатты жағдайда сөніп қалған кездегі шығынды нақтылы есептеуді тапсырды

Алматы әкімі қалада жарық апатты жағдайда сөніп қалған кездегі шығынды нақтылы есептеуді тапсырды

Алматы. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы әкімі Ахметжан Есімов қалада апатты жағдайда жарық сөніп қалған кездегі шығынды нақтылы есептеп, тиісті құжат дайындауды тапсырды. Бұл туралы ол бүгін Алматы қаласының әкімдігінде 2008-2009 жылғы жылыту маусымының қорытындысын шығаруға арналған кеңесте тапсырма берді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Апаттың не себепті болғанын анықтау қажет. Энергетика министрлігі ме, әлде бұл КЕГОК-тың әрекетсіздігінен бе, әлде Қырғызстан кінәлі ме дегенді нақты анықтау қажет. Материалдық шығынға біреу жауап беру керек", - деп атап өтті қала әкімі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Алматы қаласының әкімдігінде 2008-2009 жылғы жылыту маусымының қорытындысы мен 2009-2010 жылғы күзгі- қысқы кезеңге дайындық барысын сөз еткен кеңес болып өтті. Оның жұмысына Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, мемлекеттік органдардың, энергетика кешендері мен жобалау институттарының басшылары қатысты.

2008-2009 жылғы жылыту маусымы 2008 жылдың 13 қазанынан басталып, 2009 жылдың 6 сәуіріне дейін жалғасты, осы кезең ішінде жылу энерия көздері еш үзіліссіз жұмыс істеді, "КазТрансГаз-Алматы" АҚ Алматының әлеуметтік нысандары мен қала халқын газбен жеткілікті қамтамасыз етті.

2008 жылы қуат тапшылығы 467 МВт болды, осының барысында Жамбыл ГРЭС-і мен ҚР солтүстік көздерінен электр қуаты сатып алынды.

Өткен қысқы кезеңде қуатты пайдалану 1284 МВт-қа жетті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 139 МВт-қа аз.

2008 жылы қаланың су құбыры мен канализация жүйесінде түбірлі өзгеріс болды. Қазіргі кезде қаланың "Холдинг Алматы Су" МҚК-ны өзінің экономикалық жағынан дербес екендігін көрсетті.

Егер өткен жылы тариф есебінен жөндеу жұмыстарына 200 млн теңге жұмсалса, биыл 3 млрд теңге қарастырылған. Холдингтің қазіргі кездегі басты міндеті -инженерлік желілерді жөндеуде кеткен шығынның орнын толтыру.

2009 жылдың 15 сәуірінде Қазақстандағы ВЛ 500 кВ "Север-Юг"-тің сөніп қалуы салдарынан қалаға жарық берілмей қалды. Алдын - ала есептеу бойынша Алматы тұрғынының 70% жарықсыз қалған.

Биылғы жылу маусымына барынша тындырымды дайындалып, былтырғы олқылықтардың алдын алу қажет екендігі де айтылды.

2008 жылы қаланың энергетикалық кешеніне түрлі қаржы көздерінен 48 млрд теңге жұмсалған болатын.

2009 жылы қаланың энергетикалық кешеніне 70,8 млрд тенге жұмсалады деп жоспарлануда, республикалық бюджеттен - 18,6 млрд теңге, ал жергілікті бюджеттен - 3,8 млрд теңге.

Кеңесті қорытындылаған қала әкімі тиісті құрылымдарға алдағы жылу маусымына барынша тыңғылықты дайындалуды тапсырды. Нәтижесінде "Қала шаруашылығының 2009-2010 жылдарғы күзгі және қысқы маусымға дайындығы туралы" қаулы дайындалатын болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны