16.06.2017, 14:16 6063

Алматы әкімі қаланыӊ жол инфрақұрылымыныӊ қайта жасалуын тексерді

Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ басшысы Мақсұт Исахов қазіргі кезде қалада 29 көшеніӊ жөнделгенін,25 көшеде жұмыстардыӊ жүріп жатқандығын, келесі айда 114 магистральді және ұзындығы 83,7 км болатын аудандық маӊызы бар көшелердіӊ жөнделетіндігін айтты.

Алматы. 16 маусым. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезекті жұмыс сапарында қаланыӊ жол инфрақұрылымыныӊ қайта жасалуын тексерді және жолдарды жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға кешенді келудіӊ маӊызды екендігін атап өтті. Яғни, асфальт төселіп, бордюлер ғана жаӊартылмай, тротуарлар, арықтардыӊ жиектері де жасалуы, заӊсыз қоршаулардыӊ алынып тасталуы, жолға жақын орналасқан аймақтардыӊ жасылдандырылуы қажет екендігін қадап тұрып айтты.

Мысалы, Абдулиндер көшесінде, Бөгенбай батыр көшесінен Төле би көшесіне дейінгі жолдыӊ шығыс жағында тротуарлар мүлдем жоқ, ал қоғамдық аймақ көлік тұрағы ретінде пайдаланылған. Көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде аталған учаскеде қоршаулар алынып тасталды, жаяу жүргінші жолып жасалып, абаттандырылды, көлік тұрағы аймағы ретке келтірілді.

Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ басшысы Мақсұт Исахов қазіргі кезде қалада 29 көшеніӊ жөнделгенін,25 көшеде жұмыстардыӊ жүріп жатқандығын, келесі айда 114 магистральді және ұзындығы 83,7 км болатын аудандық маӊызы бар көшелердіӊ жөнделетіндігін айтты.

Трамвай рельстері алынып тасталған 18 жол қиылыстары да жөнделуде.Жиырма бригада жолдарға асфальт төсеу жұмыстарымен айналысуда, қазірдіӊ өзінде жоспарланған 250 мыӊ шаршы метр жолдыӊ 69 мыӊ шаршы метрінде жөндеу жұмыстары аяқталды.

Ұзындығы 18 км болатын 47 учаскеде тротуарларды абаттандыру және жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазірдіӊ өзінде 8,5 км аймақ көгалдандырылды. 130 бекет кешендері абаттандырылды.

Байтұрсынов көшесінде,Тимирязев көшесінен Абай даӊғылына дейінгі аймақта,Жандосов көшесінде, Сайын көшесінен Таусамалы елді мекеніне дейінгі 2,08 км жерде күрделі жөндеу жұмыстары жүруде.

Алатау ауданындағы Алғабас және Ақбұлақ елді мекендеріндегі 10,9 км жол, Наурызбай ауданындағы Қалқаман, Алты Алаш елді мекендеріндегі 17,3 км жол жөделуде.

Алматыда биыл 102 өтпелі жолға түн мезгілінде жарық берілетін болады.

Естеріӊізге сала кетейік, қалада тұрғындардыӊ жүріп - тұруына жайлы болу үшін жүйелі жұмыстар жүруде, саябақтар мен скверлер абаттандырылып, өтпелі және веложолдар жасалуда, қоршаулар алынып тасталып, қоғамдық кеӊістік кеӊеюде.

Алмалы ауданында Дүйсенов көшесі,Аренский көшесінен Гайдар көшесіне дейінгі аймақ,Қарасай батыр көшесі, Аблай хан көшесінен Масанчи көшесіне дейін толық абаттандырылады.Бостандық ауданында Тимирязев көшесі, Есентай өзенінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі 2,5 км аймақ абаттандырылады.

Жалпы, биылғы жылы әр ауданда 16 өтпелі аймақ және Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр және Астана алаӊы қайта жасалып, бұларда жаяу жүргіншілерге басымдылық беріледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны