08.11.2016, 11:39 2563

Алматы бюджеті 117 млрд теӊгеге үнемделді

Алматы қаласы әкімдігініӊ әрбір бюджет теӊгесін тиімді пайдалануға бағытталған іс-шаралары арқасында 117 млрд теӊге үнемделді. Бұл туралы Алматы қаласы Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасыныӊ басшысы Мақсат Қиқымов бүгін өӊірлік коммуникация қызметініӊ алаӊында өткен брифингте мәлім етті

Алматы. 8 қараша. Kazakhstan Today - Алматы қаласы әкімдігініӊ әрбір бюджет теӊгесін тиімді пайдалануға бағытталған іс-шаралары арқасында 117 млрд теӊге үнемделді. Бұл туралы Алматы қаласы Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасыныӊ басшысы Мақсат Қиқымов бүгін өӊірлік коммуникация қызметініӊ алаӊында өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бюджетті оӊтайландыру жөніндегі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ тапсырмасын орындау бойынша қала әкімініӊ тиімді жұмысы негізінде 117 млрд теӊгені үнемдеуге мүмкіндік туды", - деді Мақсат Қиқымов.

Оныӊ айтуынша, бюджетті оӊтайландыру 2 бағыт бойынша жүргізілді.

"Біріншіден, басымдыққа ие емес барлық шығыстар, сондай-ақ жеке инвесторлар іске асыруы мүмкін шығыстар алынып тасталды. Өткен жылы қазан айында қала бюджеті бірқатар ірі ауқымды басымдыққа ие емес шығыны көп жобаларды тоқтата тұру есебінен 30 млрд теӊгені үнемдеді. Бизнестіӊ әлеуметтік жауапкершілігі шеӊберінде 40 млрд теӊдеген астам соманы қамтитын жобалар жүзеге асып жатыр. Оныӊ ішінде 27 бала бақшаны, 4 мектепті, 500 келушіге арналған емхананы, спорт кешенін салу жоспары бар. Балалар және спорт алаӊын ашу жобасы бойынша 280 нысанныӊ 167-сі ашылды. Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында мемлекеттік жекеменшік әріптестік (МЖИ) тетіктерін пайдалана отырып, жеке меншік коттедждерде және үй-жайларда 142 балабақша және 495 орынға арналған шағын орталықтар ашылды. Бұл бюджет қаражатын құрылыс, сондай-ақ, одан кейінгі операциялық шығыстар бойынша шамамен 16,5 млрд. теӊгеге үнемдеді", - деді М.Қиқымов.

Брифингте Мақсат Қиқымов екінші бағытты да атап өтті. Оныӊ айтуынша, жобалардыӊ құнын 60 млрд. теӊгеге оӊтайландыру есебінен біршама қаражат үнемделген. "Жобалық сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) түзету есебінен АІІБ ғимараты құрылысыныӊ құны 800 млн. теӊгеге, әкімшілік ғимараттары кешені 1,2 млрд. теӊгеге және Наурызбай ауданында Қарғалы өзенін қайта жаӊарту 500 млн. теӊгеге оӊтайландырылды. Жол айрықтарды бір жаққа ауыстыру есебінен Рысқұлов даӊғылы мен Емцов көшелерініӊ қиылысындағы көлік жол айырығы құрылысыныӊ Жобалық сметалық құжаттамасы 8,3 млрд. теӊгеге және Рысқұлов даӊғылы мен Құлжа күре жолы қиылысындағы жол айырықтыӊ құрылысы 5 млрд теӊгеге оӊтайландырылды", - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, Қайырбеков көшесінен Шығыс айналма автожолына дейін және Рысқұлов даӊғылы мен Саин көшелерініӊ қиылысындағы көлік жол айрықтарын сала отырып жер телімдерін сатып алуды оӊтайландыру есебінен Төле би көшесін ұзарту кезінде 9,4 млрд. теӊге үнемделген. "Универсиаданыӊ 3 ірі нысаны құрылысыныӊ құны Алматы арена, Халық арена және атлетикалық ауыл 19,5 млрд. теӊгеге оӊтайландырылды. Бұл девальвация салдарынан жоба құныныӊ өсуін тоқтатуға мүмкіндік берді. Универсиаданы өткізуге арналған бюджет бастапқыда 33,1 млрд. теӊгені құрады, ол 15,2 млрд. теӊгеге оӊтайландырылды", - деді М.Қиқымов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны