15.04.2014, 20:36 14916

Алматы бюджеті 23 млрд теңгеге көбейді

Аталмыш қаражат магистральді желілердің жөнделуіне, жеке меншік тұрғын үй құрылыстарын көгілдір отынмен қамтамасыз етуге және "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында инженерлік инфрақұрылым құрылысына бағытталмақ.

Алматы. 15 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін Алматыдағы қала мәслихатының XXV сессиясында 2014 жылға арналған бюджет нақтыланды. Оның жалпы құны 413,4 млрд тенге болса, нақты көрсеткіш 342,7 млрд теңгені құрады.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, 2014 жылғы Алматы бюджетінің кіріс және шығыс бөлігі шамамен 23,1 млрд теңгеге артқан. Аталмыш қаражат магистральді желілердің жөнделуіне, жеке меншік тұрғын үй құрылыстарын көгілдір отынмен қамтамасыз етуге және "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында инженерлік инфрақұрылым құрылысына бағытталмақ.

Икім Ахметжан Есімовтың айтуынша, бірінші маусым қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш көлемі артқан. Қала басшысының айтуынша, шаһардың әлеуетінің артуы елдің экономикасына оң өзгерістер әкелмек.

Сонымен қатар, мәслихат сессиясында әлеуметтік көмек көрсету үшін мерекелік күндер мен атаулы даталары бекіту мәселесі қаралды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны