18.06.2010, 12:14 1633

Алматы халықаралық әуежайының қарызын қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде Құсайнов

Алматы халықаралық әуежайының қарызын қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде Құсайнов

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today Алматы халықаралық әуежайының қарызын қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы кеше сенаттың жалпы отырысы барысында депутаттардың қойған сұрақтарына жауап берген көлік және коммуникация министрі Ибілғазы Құсайнов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Алматы әуежайында қазір екі бағытта жұмыс жүргізілуде: біріншіден құқық қорғау органдары жұмыс істеуде, екіншіден банкімен қарызды қайта құрылымдауға қатысты жұмыстар жүргізілуде",- деп хабарлады И. Құсайнов.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Алматы әуежайына оның бұрынғы басшысы қаржыны мақсатсыз жұмсады деген дерек бойынша қаржылық тексеру жүргізуде.

"Алматы қаласының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне үстіміздегі жылдың 4-маусымында "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ президенті Бекмұхамбетовтан әуежайдың бұрынғы басшысының қаржыны мақсатсыз жұмсағандығы туралы арыз келіп түскен болтын. Қазіргі уақытта қолданыстағы қылмыстық-процессуалдық заңнамаға сәйкес осы арыз бойынша тексеру жүргізілуде",-деді М. Жұманбай.

Естеріңізге сала кетсек, 2007 жылы Амстредам сауда банкі Алматы әуежайын несие ретінде 33 млн АҚШ долларын бөлген болатын. "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ басшылығы бұл қаржыға жаңа жолаушылар терминалық салуға міндетті болған. Несиені төлеу мерзімі 2009 жылдың наурыз айында аяқталған. Қазіргі уақытта қарыздың жалпы сомасы үстеме ақысымен қосқанда 38 млн АҚШ долларын құрап отыр.

Алматы әуежайы 1935 салынған және де Қазақстандағы ең ірі әуежай. Оның иелері "Meridian Capital" және "SAT Infosystems" фирмалары болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны