20.02.2009, 16:59 2977

Алматы қалалық бюджетінің 2008 жылғы орындалу қорытындысы бойынша кірістің орындалу проценті 98,7, ал түспей қалған кіріс көлемі 3 млрд 504 млн теңгені құрады (толықтырылған)

Алматы қалалық бюджетінің 2008 жылғы орындалу қорытындысы бойынша кірістің орындалу проценті 98,7, ал түспей қалған кіріс көлемі 3 млрд 504 млн теңгені құрады (толықтырылған)

Алматы. 20 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қалалық бюджетінің 2008 жылғы орындалу қорытындысы бойынша кірістің орындалу проценті 98,7, ал түспей қалған кіріс көлемі 3 млрд 504 млн теңгені құрады. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық мәслихатының кезектен тыс XVI сессиясының барысында Алматы қалалық қаржы басқармасының бастығы Айман Ибдіқадырова мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2008 жылы қалалық бюджетке 268 млрд 826 млн теңге көлемінде кіріс түсті. Соның ішінде жергілікті бюджет кірісі - 176 млрд 840 млн теңге, республикалық бюджеттің трансферттері 91 млрд 60 млн теңге және республикалық бюджеттен бөлінген несиелер 926 млн теңге болды. Кірістің орындалу проценті 98,7, ал түспей қалған кіріс көлемі 3 млрд 504 млн теңгені құрады", - деді А. Ибдіқадырова.

Оның айтуынша, қалалық бюджеттің орындалуы шығындар бойынша 2008 жылы 267 283,1 млн теңге, немесе нақтыланған бюджеттің (272 331,2 млн теңге) 98,1% құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны