02.02.2015, 15:02 4650

Алматы қаласы кәсіпкерлер Палатасы мен Қаржы бақылау Инспекциясы ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойды.

2015 жылы ақпан айыныӊ 4-де Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігініӊ қаржы бақылау комитетініӊ Алматы қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы мен Алматы қаласы кәсіпкерлер Палатасы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Алматы. 2 ақпан. Kazakhstan Today - 2015 жылы ақпан айыныӊ 4-де Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігініӊ қаржы бақылау комитетініӊ Алматы қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы мен Алматы қаласы кәсіпкерлер Палатасы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тараптар кәсіпкерлердіӊ құқығы мен заӊды мүдделерін қорғау, мемлекеттік сатып алулар мен жергілікті қамту тиімділігін жоғарылату, бухгалтерлік есеп, қаржы есебі, аудиторлық қызмет және ақпарат алмасу саласында өзара тиімді қызмет көрсетуге ниет етуде.

"Осы келісім Алматы қаласыныӊ айрықша мәртебесі мен ерекшелігі үшін қажет, Кәсіпкерлер құқығын барынша қорғау мақсатында өзара қызметтесу болып табылады. Құжатқа қаржы бақылау мен мемлекеттік сатып алулар саласында кәсіпкерлердіӊ құқығы мен заӊды мүдделерін қорғау мақсатында қол қойылды,"- деп, Алматы қаласы кәсіпкерлер Палатасыныӊ директоры Артур КОТЕНЁВ атап өтті.

Осы келісім қаржы бақылау мен экономикалық қылмысты анықтау және алдын алу туралы нақты регламенттерді қарастырады.

Сонымен қатар, қол қойылған келісім мемлекеттік сатып алулар саласында кәсіпкерлердіӊ мүддесін қорғауда Палатаныӊ құзыретін жоғарылатады.

"Ынтымақтастық келісімі кәсіпкерлердіӊ құқығы мен заӊды мүдделерін қорғау және мемлекеттік сатып алулар мен жергілікті қамту тиімділігін жоғарылатуға бағытталғын, сонымен қатар, бухгалтерлік есеп, қаржы есебі, аудиторлық қызмет саласы да кіреді",- деп, Алматы қаласы Қаржы бақылау Инспекциясыныӊ бастығы Ержан МЫӉЖАСАРОВ түсініктеме берді

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны