25.04.2018, 22:52 8121

Алматы қаласына сатып алынатын электр энергиясыныӊ бағасы 1,5 млрд.теӊгеге азайған

Осы меморандумға сәйкес, қалаға сатып алынатын электр энергиясыныӊ бағасы 1,5 млрд.теӊгеге азайды және халық үшін тарифтіӊ өсуі 1,5% тоқтатылды (Екібастұз ГРЭС-1 8,42 тг-ден 7,29 тг. дейін),-деп атап өтті ол.

Алматы. 25 сәуір. KazakhstanToday - Бүгін Алматы қаласыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметініӊ алаӊында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау комитетініӊ Алматы қаласы бойынша департаментініӊ басшысы Болат Сәмбетовтіӊ қатысуымен брифинг өткізілді.

Болат Қуанышбекұлы өз баяндамасында 2016 жылдыӊ соӊында Департаментке "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС электр энергиясымен жабдықтау қызметініӊ тарифін өзгерту өтінімімен жүгінген болатын. 2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап электр энергиясыныӊ тарифі 1,6%-ға өсті. Аталған өзгеріс энергия беруші ұйымдардыӊ және қосымша қызметтердіӊ (қуатты реттеу, KEGOC-пен теӊгерімдеу және т.б.) тарифтерініӊ өсуіне байланысты. Өз кезегінде, электр энергиясыныӊ өзіндік құнын азайту мақсатында, Икімшілік пен "Самрұқ Энерго" АҚ арасында меморандум жасалған. Осы меморандумға сәйкес, қалаға сатып алынатын электр энергиясыныӊ бағасы 1,5 млрд.теӊгеге азайды және халық үшін тарифтіӊ өсуі 1,5% тоқтатылды (Екібастұз ГРЭС-1 8,42 тг-ден 7,29 тг. дейін),-деп атап өтті ол.

2017 жылдыӊ соӊында "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС өз қызметтерініӊ тарифін 6,7%-ға көтеруге ниеттенгенін атап өту қажет. Алайда, компанияныӊ ішкі резервтерін ескере отырып, бағаныӊ өзгеру қажеттігін қосымша талдау мақсатында монополистіӊ өтінімі қайтарылды. Содан кейін, аталған компания ағымдағы жылдыӊ наурыз айында 1 мамырдан бастап электр энергиясымен жабдықтауға тарифті 3,8%-ға көтеруге өтініммен жүгінді. Алайда, кәсіпорынныӊ шығындарын егжей-тегжейлі әрі жан-жақты қарастырып, талдаудыӊ нәтижесінде департамент қолданыстағы 16,36 теӊге/кВтс ҚҚС-сыз көлемінде тарифті ұстап тұру туралы шешім қабылдады, - деді Болат Сәмбетов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны