24.04.2018, 23:21 8428

Алматы қаласында 600-ден астам кәсіпорын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады

Алматы қаласыныӊ 600-ден астам кәсіпорны міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) аударады, МКЗЖ бойынша жинақтардыӊ жалпы сомасы - 5,2 млрд теӊге немесе ҚР-дағы МКЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарыныӊ жалпы көлемініӊ 3,6 %-ы.

Алматы. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы қаласында 600-ден астам кәсіпорын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады.

Бұл туралы Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметініӊ алаӊында өткен брифингте "БЖЗҚ" АҚ Өӊірлік желіні дамыту және ілеспе қызмет көрсету департаментініӊ директоры Мамила Құрманжанқызы айтты.

Департамент директорыныӊ ақпаратынша, Алматы - еліміздіӊ ірі мегаполисі. Бұл жерде Қазақстанныӊ барлық ЖІӨ-ніӊ бесінші бөлігі өндіріледі. Бұл ретте, Алматы қала тұрғындарын ғана емес, жақын жатқан аудандардыӊ да тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр.

Алматы қаласындағы филиал (01.01.2018 ж.) барлық шарт түрі бойынша 1,7 млн бірлікке жуық ЖЗШ-ға қызмет көрсетеді, олар бойынша зейнетақы жинақтарыныӊ сомасы - 1,54 трлн. теӊге, ал МЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарыныӊ орташа сомасы - 908 216 теӊге.

Алматы қаласыныӊ 600-ден астам кәсіпорны міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) аударады, МКЗЖ бойынша жинақтардыӊ жалпы сомасы - 5,2 млрд теӊге немесе ҚР-дағы МКЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарыныӊ жалпы көлемініӊ 3,6 %-ы.

Оныӊ үстіне, 5,7 мыӊ адамныӊ ерікті зейнетақы жарналары бойынша шоты бар. Алматы үлесі - сан бойынша 16,1 % және ҚР ерікті зейнетақы жарналарыныӊ сомасы бойынша 14,4 %,-деп атап өтті ол.

2017 жыл үшін Алматы қ. барып қызмет көрсету бөлімініӊ мамандары 1900-дан астам тұсаукесерлер өткізді, оған 62,5 мыӊ адам қатысты. Ағымдағы жылдыӊ бірінші тоқсанында тұсаукесерлер саны 445 құрады (13 000-ға жуық адам қатысты), бұл осыған ұқсас кезеӊніӊ көрсеткішінен 7,6 есеге артық.

Тұсакесер кезінде кәсіпорын қызметкерлері қызықтыратын сауалдарына жауаптар алып, дербес деректерін жаӊарта алады және өз зейнетақы жинақтарыныӊ жай-күйі туралы біле алады.

Барып қызмет көрсету бөлімі қызметініӊ басқа да маӊызды бағытыныӊ бірі Қор кеӊсесіне өздері келе алмайтын мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсету болып табылады. 2017 жылы 2409 салымшыға (алушыға) қызмет көрсетілді, - деп сөзін түйіндеді департамент директоры Мамила Мұсабекова.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны