28.07.2008, 18:32 3082

Алматы қаласында 86 құрылысшының қатысуымен 108 тұрғын үй кешендері үлескерлер қаражатына салынуда

Алматы қаласында 86 құрылысшының қатысуымен 108 тұрғын үй кешендері үлескерлер қаражатына салынуда

Алматы. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың 26 шілдесінегі жағдаймен Алматы қаласында 86 құрылысшылардың қатысуымен 108 тұрғын үй кешендері үлескерлер қаражатына салынуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, салынып жатқан кешендердегі пәтерлер саны 28 533, олардың 12 105 үлескерлер тарапынан сатып алынған. 95 тұрғын үй кешенінің салынуына қалалық архитектура басқармасының рұқсаты берілген.

Тізімге енген нысандар 5 топқа бөлінген: Құрылысшылар құрылыс жұмыстарын аяқтай алмаған нысандар (50 кешен); Құрылысшылар тарапынан салынып жатқан объектілер (53 кешен); Мемлекеттік бағдарлама тарапынан қаражат бөлінген объектілер (24 кешен 59,0 млрд теңге); Қаражат бөлінетін резервтік тізімдегі объектілер (7 кешен); Проблемалық объектілер (алданған немесе 80 % астам пәтер сатылған; 5 кешен).

53 кешенді құрылысшылар өз күштерімен барлығы 69,3 млрд. теңге сомасына мемлекет көмегінсіз бітіреді, сонымен қатар 2009 жыл соңына дейін қолданысқа 10 315 пәтер беріліп, 2 720 үлескердің мәселесі шешіледі.

Қалған 55 объект бойынша мемлекеттік қолдау бағдарламасы аясында "Қазына" қоры тарапынан және екінші деңгейлі банктер тарапынан 59 млрд. теңге 18 құрылыс үшін, екінші тоқсанда 22,4 млрд. теңге 15 құрылысқа бөлінеді.

Үстіміздегі жылдың 26 шілдесіне екінші деңгейлі банктер тарапынан құрылысшыларға 7,3 млрд. теңге бөлінген. Мемлекет тарапынан екінші жартыжылдықта бөлінген қаражатты мезгілінде игерілсе, төрт құрылысшы тарапынан 228 268 шаршы метр, немесе 1 761 пәтер пайдалануға беріледі. Мұнымен осы жылы 3 480 үлескердің мәселесі шешіледі.

Үлескерелерді алдау жағдайларын болдырмау мақсатында жер комиссиясының отырысында көп этажды үй салуға арналған 117 жер телімдерін беру туралы бұрын қабылданған шешімдерді, құрылысшылардың қаражаттары болмағандықтан өзгерту туралы шешім қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны