07.10.2009, 16:58 4146

Алматы қаласының әкімі "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-ның атына қатты сын айтты

Алматы қаласының әкімі "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-ның атына қатты сын айтты

Алматы. 7 қазан. Kazakhstan Today - Алматы қаласының әкімі "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-ның атына қатты сын айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов 2009-2010 жылдарғы күзгі- қысқы кезеңге қала шаруашылығының дайындығы туралы кеңес өткізді.

Оның барсында қала коммуналдық шаруашылығының, тұрғын үй қорының, білім және денсаулық сақтау орындарының қысқа дайындығы, байқалған проблемаларды жою мәселелері қаралды.

Қала әкімі "Самұрық-Энергоның" құрамына енетін "АЖК" АҚ-ының атына қатты сын айтты. "Ерменсай", "Медеу", "Шымбұлақ", "Отырар" және басқа да Азиада ойындары мен Алматы метрополитеніне қатысты энергия беретін "АЖК" АҚ-ның жұмысы қынжылтады, деді ол.

"Сонау сәуір айында Елбасы қалаға қосымша 27 млрд бөлу қажеттігін, оның, 6 млрд теңгесі қосымша станциялар салуға жұмсалатындығы туралы тапсырма берген болатын. Алайда, бұл мәселе шешімін тапқан жоқ. Сендер метро мен Азиада ойындарының ашылуына кедергі келтіріп отырсыңдар. Демек, бүкіл қалаға зиян келтіріп отырсыңдар", - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеңесте сондай-ақ, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ербол Шорманов денсаулық сақтау және білім беру орындарының қысқа сақадай сай дайын екендігін жеткізді. Қала әкімі аудан басшыларына барлық тұрғын үйлердің жауапты кезеңге дайындығын тексеру жөнінде тапсырма берді.

Қала энергокешенін дамытуға мемлекеттік және кәсіпорындардың жеке есебінен 70 млрд. теңгеден астам қаржы бөлініп отыр. Қазіргі кезде "АлЭС" АҚ, "АТКЭ АҚ", ГКП "СВЭК" сынды орындарда қысқа дайындық қарқын алып, 100%-ға орындалып отыр.

Қазақстанның 500 кВ "Солтүстік-Оңтүстік" екінші транзитіне қатысты Алматы аймағына қажетті электр қуаты жеткілікті мөлшерде жеткізіледі.

Балқаш-Алакөл бассейнінің инспекциясы (БАБИ) 2009 жылдың қазан айында Қапшағай су қоймасының жұмысы туралы шешім шығарған болатын, нәтижесінде 2009 жылдың желтоқсан- наурыз айларында Қапшағай ГЭС-і 200 МВт электр қуатын беретін болады.

Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Серік Құсаинов қалада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

"Қуат үнемдеу іс-шараларын енгізу" бағдарламасына сәйкес 108 ғимарат арнайы тексеруден өткен. Осы олайда, қала әкімдігі жанындағы "Производственное Эксплуатационное Предприятие" ҚМК-ның жұмысы айтуға тұраралық. 2009 жылдың бес айы ішінде әкімшілік ғимаратта 494 мың кВт/с жарық көзі үнемделген.

Қазіргі кезде энергия көздерін жеткізушілермен түрлі нақтылы шаралар ойдағыдай жүзеге асуда. Осы ретте электроэнергиясын үнемдеудің дифференцирлі тарифының мәні бар. Ол жарық көздерін үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр.

Қала әкімі жарық көздерін үнемдеге қатысты жүргізіліп отырған шараларға қолдау білідіріп, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажеттігін атап көрсетті.

"Жалпы алғанда үлкен жұмыстар жүргізіліп отыр. Қала тұрғындарына жылу бергенге дейін тиісті қосымша шараларды да нақтылы жүзеге асырған жөн. Біз ел үкіметімен және "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесе жұмыстар атқаратын боламыз. Алматының энергетикалық кешені үздіксіз жұмыс істеп, метро мен Азиада ойындары кезінде энергия көздері еш тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын боламыз", - деп қорытындылады өз сөзін қала әкімі Ахметжан Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны