30.05.2008, 18:12 3225

Алматы қаласының әкімі Экономикалық кеңес құру туралы шешім қабылдады

Алматы қаласының әкімі Экономикалық кеңес құру туралы шешім қабылдады

Алматы. 30 мамыр. "Қазақстан Бүгін" Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов шағын және орта бизнес, банктер, қауымдастықтар, мемлекеттік мекемелер, даму және халықаралық ұйымдар институттары өкілдерімен кездесуде Экономикалық кеңес құру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеңесте Алматы қаласы мен жалпы республикада кәсіпкерлікті дамытудың көкейкесті мәселелері қаралып, кәсіпкерлік сектордың ережесі талқыланады.

Кәсіпкерлермен кехздесу барысында қала әкімі Ахметжан Есімов: " Қазақстан бизнесінің дамуы барысында қала өкіметі кәсіпкерлердің жан - жақты жұмыс істеулері үшін барлық жағдайды жасайды" деп ерекше атап өтті.

Кездесудің қорытыныдысы бойынша қала әкімі жанынан Экономикалық кеңес құру туралы қарар қабылданды, оның құрамына бизнес - Ассоциация мен бизнес өкілдері енген, бұларға әкімшілік кедергілерді төмендету жөнінде ұсыныс беру тапсырылды. Олар мынадай мәселелерді қамтуы тиіс: салық органдарымен байланыстарын үзген кәсіпорындардың жойылу процесіне қажетті құжаттар санын азайту, жалпы бұл жұмысты жеңілдету; қалалық жүйелерге қосылу барысында ( электрэнергиясы, су, канализация, жылумен қамтамасыз ету) үлестік ақы төлеуді алып тастау, яғни алғашқы кезде 25 квт электр энергиясын, 10 текше метр суды пайдаланаға дейін ақы төлеуден босату.

Қарар аясында ҚР премьер- министріне жоғарыда аталған келелі мәселелер бойынша Алматы қаласында бірнеше "дөңгелек үстелдер" ұйымдастыру, оған Салық кодексін жасаушыларды да қатыстыру, Кеден департаментінің жұсысын жандандыру, жүкті құжаттау рәсімдерін жеңілдету, оларды заңды түрде жария ету, кіші және орта бизнесті қаржыландыру Қорын ұйымдастыру, тексерулерге байланысты жүргізілген мораторийлер анализдерінің орындалуына қол жеткізу және оларды жүйелендіру.

Кеңестің жұмысына Кәсіпкерлердің Алматы Ассоциациясының президенті Виктор Ямбаев, "Атамекен" ҰЭХ басқармасының төрағасы Азат Перуашев, кәсіпкерлер форумы кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов, Алматы қаласы салық департаментінің бастығы Нұрила Үсенова және басқалары қатысты.

2008 жылдың 1 мамырына дейін Алматы қаласында 68462 кіші кәсіпорын тіркелген, оның 38839-ы жұмыс істеуде. ЖК мәртебесі бойынша 61566 адам тіркелген. Кіші бизнес саласында 258 мың адам жұмыс істейді.

Кіші және орта бизнес субьектілері жыл басынан бері қарай 73,7 млрд. теңгенің өнімін шығарды, қала бюджетіне 120,8 млрд. теңге түсті, бұл жалпықалалық түсімнің 67,2 %.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны