13.12.2010, 13:54 4545

Алматы мәслихатының депутаттары 2011 жылға арналған қала бюджетін бекітті

Бүгін Алматы мәслихатының 34-ші сессиясында депутаттар қаланың 2011 жылға арналған бюджетін бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 13 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы мәслихатының 34-ші сессиясында депутаттар қаланың 2011 жылға арналған бюджетін бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қала бюджетінің кіріс бөлігі 179,1 млрд тенге көлемінде, ал жергілікті бюджет шығыны 130,5 млрд теңге көлемінде бекітілді.

Атап айтқанда, білім беру саласында 42,3 млрд теңге, денсаулық сақтау саласына 22 млрд тенге бөлінеді. Мәдениет саласын дамытуға 2,6 млрд тенге, спорт пен туризмді дамытуға 4,8 млрд тенге бөлінетін болады.

Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығына 14,2 млрд тенге бөлу жоспарлаған. Көлік инфрақұрылымын дамытуға 12,3 млрд тенге, табиғатты қорғау шараларына 4,9 млрд тенге бөлінбек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны