30.12.2009, 10:44 3294

Алматы метросының бірінші кезектегі алғашқы бағытының аяқталуына қалаға 2010 жылы 54 млрд теңге қажет

Алматы метросының бірінші кезектегі алғашқы бағытының аяқталуына қалаға 2010 жылы 54 млрд теңге қажет

Алматы. 30 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов "Райымбек батыр" және "Жібек Жолы" бекеттері салынып жатқан метрополитен жұмысы барысымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы метрополитенінің алғашқы құрылысы республикалық бюджет тарпынан 1988 жылдың 7-қыркүйегінде басталды. Екі жолдық етіп есептелген алғашқы ұзындық 8.56 шақырымды құрайды. Ол электр қоймасын, инженерлік корпусты, эксплуатациондық қызметкер пайдаланымындағы ғимарат пен 7 бекеттің құрылысын құрайды. Төселімнің орташа тереңдігі - 40 метр.

Райымбек даңғылынан бастап Абай даңғылына дейінгі аумақта метро батыстан шығысқа баратын Маметов, Мақатаев, Жібек Жолы, Гоголь, Төле би, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Шевченко, Құрманғазы көшелерінің троанспорттық желілерін тігінен қияды. Сонымен бірге, Фурманов көшесінен бастап Гагарин көшесіне дейінгі солтүстіктен оңтүстікке баратын Абылай хан даңғылы, Желтоқсан көшесі, Сейфуллин даңғылы, Масаншы, Байтұрсынов, Мұқанов, Байзақов, Манас, Иуезов және Жароков көшелерін тігінен қияды.

Бүгінгі таңда, "Райымбек батыр", "Жібек Жолы", "Алмалы", "Алатау", "Абай" бекеттерінің негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды. "Байқоңыр", "Иуезов атындағы театр" бекеттері құрылыстары жалғасуда. "Райымбек батыр", "Жібек Жолы", "Алатау" бекеттеріне жүргізілетін сәулеттеу-өңдеу жұмыстары аяқталуда. Жолдың жоғарғы құрылыс құрылғыларының, жаяу жүргінші іргетасының, инженерлік қатынас орнатудың, архитектуралық-әрлеу, пайдаланымдағы құрал-жабдық монтажының жұмыстары жасалуда. "Райымбек батыр", "Жібек Жолы", "Алмалы", "Абай" бекеттерінің жылжымалы баспалдақтары жөнделді. Қазіргі кезеңде, жоғарғы құрылыс жолына, теміржолға рельстер қою жұмыстарына, Hyundai өндірісінен сатылып алынған, 2010 жылдың желтоқсанынан бастап іске қосылатын жеті электропоездтерді сырлау жұмыстарына дайындық жұргізілуде.

Метрополитеннің ашылуында ең маңызды кезең қызметші персонал штатын құру болып табылады. Қазіргі уақытта 1022 адам жұмысқа тартылатын "Метрополитен" МКК қызметі құрылды, олар: электромеханикалық құрылғы, электрмен қамту, сумен қамту, канлизация, вентиляция, жылыту, локомотивті шаруа қызметі, эскалаторлы қызмет, қызметтік жеделсатылар, жүргіншілерге сервистік қызмет көрсету жұмыстарымен айналысатын болады. Бүгінде "Метрополитен" МКК қызметкерлар штатын топтап, оқытуда.

Болашақта, Алматы қаласының басқы жоспарлары аясында, ЖРТ (жеңіл рельстік транспорт) жобасы қарастырылуда. Қалалық өкімет мегополисті елеулі жүктен босату мақстамен қаланың транспорттық жүйесінің жұмысын жетілдіруді жалғастыруда.

Қала әкімі салынып жатқан метрополитен жұмысымен танысып, қаржылық дағдарысқа қарамай, метро жұмыстары қатаң кесте бойынша жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етті. Бұл жұмыстар Елбасының 2009 жылдың сәуір айында Алматыға келіп, үкіметке мегополистегі қосымша метро жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлуді жүктеуінің, қолдауының арқасында жүзеге асып отыр.

Ағымдағы жылда 26 млрд теңге игерілді. Барлығы, екі жылдың ішінде, 50 млрд теңге, соның ішінде метро құрылысы басталған 20 жылдың ішінде 108 млрд теңге жұмсалды.

Ахметжан Есімов 2010 жылы бірінші кезектегі алғашқы бағыттың аяқталуына қалаға 54 млрд теңге қажет екендігін, оның ішінде 20 млрд теңге құрылыс-монтаж жұмыстарына, қалғаны жылжымалы құрамнан бастап, электрлік-, кабельдік өнімдер сияқты ең қиын әрі қымбат құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалатынын айтып өтті.

"Егер қаржыландыру дер кезінде түсетін болса, жұмыс өз уақытында аяқталатын болады. Құрылыстың ағымы соңғы жылдары өте жоғары жүруде және құрылыстық-монтаждық жабдықтарды игеріп кетуге біздің мүмкіндігіміз мол", - деді Ахметжан Есімов.

Сонымен қатар, әкім тарихи болып саналатын алғашқы жеті бекеттер болашақта қашықтығы жағынан ұзара түстеніндігін айтып өтті. Олар қаланың орталығында орналасқан, сондықтан сәулетшілер, құрылысшылар және қалалық өкімет басшылары бекеттердің ұлттық мәдениет нақыштарымен өрнектеліп, тартымды жасалуына, алматылықтарға ескерткіш болып, оларға ұзақ уақыт қызмет етуіне бар күштерін салып жатқанын айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны