25.07.2018, 23:47 5561

Алматы облысында 2018 жылдыӊ І жартысындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралған облыс әкімдігініӊ отырысы өтті

Алакөл жағалауында орын алып отырған бей-берекеттіктерді әлеуметтік желі арқылы көріп, біліп отырғанын да тілге тиек еткен облыс әкімі арнайы көл жағалауын тазартатын коммуналдық мекеменіӊ жұмысын ширатуды тапсырды.

Талдықорған. 25 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталовтыӊ төрағалығымен 2018 жылдыӊ І жартысындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және ІІ жартыжылдыққа арналған міндеттер туралы мәселе қаралған облыс әкімдігініӊ отырысы өтті, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Негізгі баяндаманы жасаған облыс әкімініӊ орынбасары Жеӊіс Тұяқов бірінші жартыжылдықта экономиканыӊ барлық салаларында өсім қарқыны сақталып, 5,3 % өсім қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Осы жолғы баяндаманыӊ мазмұны бұрынғыдан ерекше болды. Барлық салаларда өсім бола тұра, баяндамада жетістіктер тізбеленіп айтылмады. Облыс дамуына аудандар бөлінісінде тереӊ талдау жасаған Ж. Тұяқов негізінен қай бағыттыӊ ақсап жатқандығына көбірек тоқталды. Оныӊ айтуынша, есепті кезеӊде өнеркәсіп өндірісініӊ өсімі 3,7 % болса, соныӊ ішінде өӊдеу саласыныӊ ұлғаю көрсеткіші 6 % құрап отыр. Жаӊадан іске қосылған 23 және кеӊейтілген 10 кәсіпорынныӊ есебінен 760 жаӊа жұмыс орны құрылды. Бірақ осы кезеӊде Ақсу, Қаратал Ұйғыр аудандары өндіріс көлемін құлдыратып жіберген. Сол сияқты ірі қара еті бірінші жартыжылдықта мүлде экспортқа шығарылмаған. Жоспарланған 15 мал бордақылау алаӊыныӊ 2550 басқа арналған 8-і құрылса, бұл орайда Қаратал, Ақсу, Ескелді және Панфилов аудандары көрсеткішті кері тартып отыр. Сүт-тауарлы фермалар құру ісінде де жұмысты ширату қажет. Облыста әзірге ет өӊдеу - 38 %, сүт өӊдеу - 32 %, ал жеміс-жидек өӊдеу небары - 11 %. Яғни өӊдеу саласыныӊ алдында тұрған міндет орасан зор.

"Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру баяу жүріп жатыр. Изірге кооперативке тарту жоспарланған 10,8 мыӊ ЖҚШ-ныӊ 362-сін ғана тартып үлгердік. Жыл басынан бері Балқаш, Алакөл, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Ұйғыр аудандары бір де бір кооператив құрмаған", - деді Ж. Тұяқов.

Шағын және орта бизнесте 113 мыӊ бірлік субъект жұмыс істесе, жылдыӊ алғашқы жартысында олардан түскен салық түсімі 47 млрд. теӊгені құрап, жергілікті бюджеттегі үлесі 39%-тен 50%-ке өсті. 2018 жылы ашу жоспарланған ШОБ-ныӊ 100 нысаныныӊ 32-сі ашылып, соныӊ есебінен 683 жаӊа жұмыс орны құрылды. Осы 100 нысан тізбесі бойынша әлі күнге тырп етпей отырған аудандар да бар. Олардыӊ да аттары аталып, есебі сұралды.

Ж. Тұяқов "Президенттіӊ 5 әлеуметтік бастамасына" байланысты жұмыстарға ерекше екпін түсірді. Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 11 млрд. теӊге бөлінсе, соныӊ 5,4 млрд. теӊгесі -"5 әлеуметтік бастама" шеӊберінде қарастырылған 1,3 млрд. теӊгені қоса алғанда -шағын несиелендіруге қарастырылып отыр. 23 маусымдағы мәлімет бойынша, небары 1,8 млрд. теӊге сомаға 359 шағын несие берілген.

Ал "7.20.25" бағдарламасы бойынша 581 пәтерлік 14 тұрғын үй салу -4-еуі - Қарасай, 9-ы - Талғар аудандарында, 3-еуі - Талдықорған қаласында салынады деп жоспарланған. 1 тұрғын үй Қапшағай қаласында пайдалануға берілді.

Баяндамасында сонымен қатар туризмді дамыту, ауыз сумен, газбен қамту, жол жөндеу, әлеуметтік салалар бойынша да орын алып отырған олқылықтар айтылды. Сөз соӊында Ж. Тұяқов аудан және қала әкімдеріне мемлекеттік салалық бағдарламалардыӊ орындалуына, "Президенттіӊ 5 әлеуметтік бастамасыныӊ" жүзеге асырылуына, нысаналы индикаторларға қол жеткізуге, өнеркәсіп өндірісініӊ төмендеуіне жол бермеуге, экономиканыӊ барлық салаларында цифрландыруды қамтамасыз етуге баса назар аударуды тапсырды.

Облыс әкімі Амандық Баталов ірі қара етініӊ жыл басынан бері экспортқа шығарылмау, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрудағы сылбыр жұмыс, газдандыру шараларын ұйымдастырудағы олқылықтар,шағын және орта бизнес нысандарын ашу ісіндегі баяулық және басқа да бірқатар мәселелер бойынша аудан, қала әкімдерін, тиісті құрылымдар басшыларын сынға алды. Балқаш, Көксу аудандарыныӊ әкімдерін, облыстық ауыл шаруашылығы, құрылыс, энергетика және ТҮКШ басқармаларыныӊ басшыларын мінбеге шығарып, толымды жауап талап етті. Ауыл шаруашылығындағы жол берілген кемшіліктерді тез арада түзеуге бағытталған кешенді шаралар қабылдауды, "7.20.25" мемлекеттік бағдарламасы бойынша нақты нәтижені талап етенінін қадап айтты.Облыстағы салынып жатқан мектептердіӊ әрқайсысы кестеге сай уақытта, әсіресе 1 қыркүйекте пайдалануға берілуі тиіс мектептерді 25 тамызға дейін толық аяқтау, денсаулық сақтау саласында ана мен бала өлімін болдырмауға күш салу және басқа да келелі міндеттер қойылды.

Алакөл жағалауында орын алып отырған бей-берекеттіктерді әлеуметтік желі арқылы көріп, біліп отырғанын да тілге тиек еткен облыс әкімі арнайы көл жағалауын тазартатын коммуналдық мекеменіӊ жұмысын ширатуды тапсырды.

- Бірінші жарты жылдыӊ қорытындысы бойынша барлық көрсеткіштерде жалпы өсім бар, даму қарқыны сақталып отыр. Бірақ кейбір сылбыр әкімдердіӊ жақсы жұмыс істейтін басқа аудан әкімдері есебінен тып-тыныш демалып жүруіне жол бермеймін. Сол үшін де осы әкімдік отырысында мен орынбасарым Жеӊіс Тұяқовтан аудан, қалалардыӊ, әр саланыӊ бүге-шігесіне дейін талдау жасап, тереӊ сараптама жаса деп тапсырдым. Облыстыӊ ортақ көрсеткіші негізінен аудан, қалалар әкімдерініӊ жұмысына байланысты. Сондықтан осындай тереӊ талдауды әр аудан, қала өздерінде дайындап, жұмыстыӊ қай бағытта, қалай жүріп жатқанына жақсылап үӊіліӊдер, - деді А. Баталов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны