13.07.2018, 18:11 5877

Алматы облысында егін жинау науқаны басталды

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ мәліметінше, егіс жинау науқанына алғашқылардыӊ бірі болып Кербұлақ ауданы кіріскен. Аталмыш ауданда бидай мен қарабидай 84,8 мыӊ гектарға себілген. Егіс жинау науқаны басталған алғашқы 4 күнде кербұлақтықтар 1000 га алқапты жинап үлгерген.

Талдықорған. 13 шілде. Kazakhstan Today - Биылғы жылы Алматы облысында 500 мыӊ гектарға жуық жерге дәнді дақылдар себілген. Өткен жылы өӊірде 1 339,6 мыӊ тонна дәнді дақыл жиналса, биылғы жылы шаруалар 1345,6 мыӊ тонна жинауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ мәліметінше, егіс жинау науқанына алғашқылардыӊ бірі болып Кербұлақ ауданы кіріскен. Аталмыш ауданда бидай мен қарабидай 84,8 мыӊ гектарға себілген. Егіс жинау науқаны басталған алғашқы 4 күнде кербұлақтықтар 1000 га алқапты жинап үлгерген. Сондай-ақ жиын-терінге Жамбыл, Іле, Қаратал аудандары мен Қапшағай қаласы да кірісе бастады. Науқан мерзімінен кешікпей басталып отыр. Жақын күндері егіс жинау кампаниясына облыстыӊ өзге аудан, қалалары да қосылатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны