22.02.2017, 16:58 4956

Алматы облысында қант импортын азайту мақсаты қойылды

Биылғы жылы Алматы облысында қант қызылшасын дамыту бағытында қолға алынған шаралардыӊ нәтижесінде облыс тұрғындарыныӊ қантқа деген сұранысыныӊ 84%-ін қанағаттандыруға, сол арқылы импорттыӊ көлемін азайтуға мүмкіндік бар.

Талдықорған. 22 ақпан. Kazakhstan Today - Биылғы жылы Алматы облысында қант қызылшасын дамыту бағытында қолға алынған шаралардыӊ нәтижесінде облыс тұрғындарыныӊ қантқа деген сұранысыныӊ 84%-ін қанағаттандыруға, сол арқылы импорттыӊ көлемін азайтуға мүмкіндік бар. Бұл туралы облыс әкімі А. Баталовтыӊ тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде мәлім болды, - деп хабарлайды Алматыоблысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Есепті кездесуде айтылған мәліметтерге сүйенсек, соӊғы екі жылда Алматы облысында қант қызылшасын себу 6,5 мыӊ гектарға жеткізілген. 10 сервистік-дайындау орталықтары құрылған. Тағы 4-еуі биылғы жылы Алакөл, Ақсу, Сарқан аудандары мен Қапшағай қаласында ашылады.

- Биылғы жылы қант қызылшасыныӊ егістік алқабын 9 мыӊ гектарға жеткізуді, одан 300 мыӊ тонна өнім жинап, 30 мыӊ тонна қант алуды жоспарлап отырмыз, - деді А.Баталов.

Сонымен қатар өнім қабылдауға қолайлы жағдай жасау мақсатында қызылша жинайтын қосымша екі алаӊ дайындалады. Оныӊ бірі Сарқанд ауданыныӊ Қойлық ауылында орналаспақ. Ол жақтан зауыт шаруаларға көлік шығынын артпай, өнімді өзі тасымалдап жеткізеді. Екіншісі жаӊа өнім жиналғанша іске қосылады деп жоспарланып отырған Ақсу қант зауытыныӊ жанынан ашылмақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны