28.05.2012, 10:59 3399

Алматы облысында сүт өнімдері сақталатын қойма салынды

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының аясында біз бір мезгілде 350 тонна дайын өнім сақтауға мүмкіндік беретін қойманың құрылысын салып, жабдықтай алдық", - дейді"Coppa Italia" ЖШС кәсіпорнының директоры Ольга Долгуева.

Астана. 28-мамыр. Kazakhstan Today - "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының аясында Алматы облысында бір мезгілде 350 тонна балмұздақ пен тәтті ірімшік өнімдерін сақтауға мүмкіндік беретін қойма салынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының аясында біз бір мезгілде 350 тонна дайын өнім сақтауға мүмкіндік беретін қойманың құрылысын салып, жабдықтай алдық", - дейді"Coppa Italia" ЖШС кәсіпорнының директоры Ольга Долгуева.

Ал бос ақшалай қаражат Еуропадан, Беларусь, Ресей, Қырғызстан және Қазақстаннан сатып алынатын шикізаттарға жұмсалатын болады.

"Біз өндірісте итальяндық технологияларды пайдаланамыз, себебі осы елдің жабдықтары балмұздақ өндірісі саласында үздік деп танылған", -дейді О.Долгуева.

Бүгінгі таңда кәсіпорында 100-ге жуық адам еңбек етеді және олар балмұздақтың 40 түрін, глазурленген тәтті ірімшіктің 20 шақты түрін өндіреді.

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді дамуын, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақталуын және жаңа жұмыс орындарын ашылуын қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарлама - ҮИИД бағдарламасын іске асыру тетіктерінің бірі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны