22.02.2017, 16:52 4794

Алматы облысында тағы 5 индустриялық аймақ құрылады

Мәселен, өткен жылы "Нұрлы жол" бағдарламасы шеӊберінде Талдықорған қаласында "Талдықорған" индустриялық аймағыныӊ инфрақұрылымыныӊ құрылысы толығымен аяқталды.

Талдықорған. 22 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы облысындағы тағы 5 индустриялық аймақ құрылады. Атап айтқанда,Іле ауданында "Боралдай", Талғар ауданында "Қайрат", Жамбыл ауданында "Қазыбек бек", Қапшағай қаласында "Арна" және "G-4 City" серіктес қаласыныӊ аумағында "Береке" индустриялық аймақтары жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде облыс әкімі А. Баталов мәлім етті, деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

А.Баталов индустриялық аймақтарды құру ісін инвесторлар тартудыӊ тиімді механизмі ретінде атап өтті.

Мәселен, өткен жылы "Нұрлы жол" бағдарламасы шеӊберінде Талдықорған қаласында "Талдықорған" индустриялық аймағыныӊ инфрақұрылымыныӊ құрылысы толығымен аяқталды. Соныӊ нәтижесінде бүгінгі күні облыстағы индустриялық аймақтардағы өнім өндіру үлесі 20 % артқан (2016 жылы 137,4 млрд. теӊге) және бұл көрсеткіш алдағы уақытта өсе түсетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны