12.05.2017, 16:57 6786

Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов Қарасай ауданында жұмыс сапарымен болды

Қарасай ауданыныӊ көптеген кәсіпорындарыныӊ басты проблемалары - кәріз суағарлары мен электр қуатыныӊ жетіспеушілігі болып отыр. Біз осы тектес айтылған мәселелердіӊ барлығыныӊ шешімін қарастырып, кәсіпкерлікке барынша қолдау көрсетуіміз қажет, - деді облыс әкімі А. Баталов.

Талдықорған. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталовтыӊ жұмыс сапары Қарасай ауданында жалғасты. Мұнда ресми делегация бірнеше өнеркәсіп орындарында болып, олардыӊ тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Қарасай ауданындағы "Alsad Қазақстан" ЖШС құс фабрикасы -"Қазақстанда жасалған" белгісімен және Alsad сауда маркасымен тауық жұмыртқасын нарыққа шығарып отырған еліміздіӊ іргелі кәсіпорны. 2016 жылы 156 млн. дана жұмыртқа өндірілген. Фабрика өнімі Біріккен Араб әмірліктеріне, Ауғанстан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан елдеріне жөнелтіледі. Бүгінгі күні мұнда 200-ден астам адам жұмыс істеп жүр. Халықаралық стандарттарға сәйкес өнім шығарып отырған нысан бүгінге дейін алғашқы қуаттылығын екі есеге арттырған.

Осындай қарқынды облыс басшысы Елтай ауылында орналасқан "Алматы Продукт" ЖШС кондитерлік фабрикасынан да көрді. Мұнда 3,5 млрд. теӊгеге фабриканы кеӊейту және жаӊғырту жұмыстары жүргізілген. Қазіргі кезде тағы бір цех ашуға дайындық үстінде. Бүгінгі күні мұнда печенье, карамель, құрғақ таӊғы ас, вафли сияқты тәттілердіӊ 250-ден астам түрі шығарылады. Кәсіпорын жылына 13 мыӊ тонна дайын өнім шығаратын қуаттылыққа ие. "Бұл кәсіпорынныӊ негізі 2008 жылы қаланды. Компаниямыз жыл сайын "Бизнестіӊ жол картасы - 2020" және "Өнімділік - 2020" мемлекеттік бағдарламалары шеӊберіндегі қолдау шараларыныӊ игілігін көріп келеді", - деп атап өтті кәсіпорынныӊ бас директоры Азиз Илімқұлов.

Ал шыны бұйымдар мен ыдыстар шығаратын "Алматы Шыны" ЖШС-даоблыс әкімі А. Баталов алдымен зауыт жұмысшыларымен жүздесіп, әӊгімелесті. Бұл зауыт- жеке инвестиция негізінде жүзеге асырылған жоба. Жобалық құны - 11 млрд. теӊге. Мұнда шыны, эксклюзивті және безендірілген бөтелкелер мен банкалар шығарылады.

Бас директоры Азим Абдуллаевтыӊ айтуынша, зауыт - бәсекеге қабілетті және болашағы зор кәсіпорын. Жобалық қуаттылығы бойынша жылына зауыт 120 млн. дана шыны ыдыс шығара алады.

- Зауытта өнім сапасын басқару жүйесі енгізілген. Сондықтан кәсіпорын өз өнімдерініӊ сапасы әлемдік сапа деӊгейіне сәйкестігіне кепілдік бере алады. Сол сияқты қажеттілігіне қарай түрлі геометриялық формалар мен конфигурациялардағы эксклюзивті бөтелкелер шығаруға да мүмкіндігіміз бар, - деді А. Абдуллаев.

Сапарыныӊ қорытындысында облысы әкімі А. Баталов:

- Жамбыл және Қарасай аудандарын аралап, бірқатар нысандардыӊ тыныс-тіршілігімен танысып, қандай қолдаулар қажеттігін бағамдадым. Аудан, қала әкімдеріне шағын және орта бизнесті дамыту, инвестиция тарту, іргелі кәсіпорындарды, отандық өндірушілерді қолдау, жаӊа жұмыс орындарын ашу туралы тапсырма берген болатынмын. Мемлекет басшысыныӊ біздіӊ алдымызға қойып отырған міндеті де осы. Осы тапсырмалардыӊ өӊірлерде қалай орындалып жатқанын барлық аудан, қалаларды аралап, зерделейтін боламын. Осы сапарлардыӊ қорытындысы бойынша аудан, қала әкімдерініӊ, іргелі кәсіпорындар басшыларыныӊ қатысуымен келелі кеӊес өткіземіз. Ир әкім қанша инвестор тартты, қандай кәсіпорындардыӊ ашылуына мұрындық болды, қанша жаӊа жұмыс орындарын құрды, салық түсімініӊ көрсеткіші қандай - міне, осы талаптар бойынша олардыӊ жұмысын бағалайтын боламыз, - деді.

Сондай-ақ бір күндік сапары барысында куә болған Жамбыл және Қарасай аудандарындағы бұл бағытта атқарылған жұмыстарға көӊілітолатынын айтты.

- Алғашында шағын көлемде ашылған кәсіпорындар қазір іргесін кеӊейтіп, өнім көлемі мен түрлерін арттырып, дамудыӊ жаӊа кезеӊіне аяқ басқандарын байқадым. Кластер құрудыӊ ядросына айнала бастағанын көрдім. Олардыӊ қатарында ТМД-да теӊдесі жоқ зауыттар да бар. Сонымен қатар кездесу барысында кәсіпкерлер атқарушы биліктіӊ тарапынан қолдау көрсетуді қажет ететін мәселелерді де көтерді. Мәселен, Жамбыл ауданында мыӊ гектарға жуық жерге жаӊғақ ағашын өсіретін "Гринфрам" шаруа қожалығы газ тартып беруді сұраса, Қарасай ауданыныӊ көптеген кәсіпорындарыныӊ басты проблемалары - кәріз суағарлары мен электр қуатыныӊ жетіспеушілігі болып отыр. Біз осы тектес айтылған мәселелердіӊ барлығыныӊ шешімін қарастырып, кәсіпкерлікке барынша қолдау көрсетуіміз қажет, - деді облыс әкімі А. Баталов.

Осы күні Үшқоӊыр ауылындағы қоғамдық-мәдени орталықта болып, бұл ғимаратты алдағы уақытта әкімшілік ғимарат ретінде реконструкциялауды тапсырды. Ал мұндағы үйірмелер мен кино залы ауылдағы мәдениет үйінде жұмысын жалғастыратын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны