19.08.2016, 13:16 4141

Алматыда 120 жас отбасы пәтер кілтін алды

Келесі жылы 6 мыӊ отбасыға немесе кезекке тұрғандардыӊ 24 пайызына пәтер беру жоспарланған.

Астана.19 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда 120 жас отбасы Алатау ауданы "Саялы" шағын ауданында орналасқан жаӊа пәтердіӊ кілтін алды. Жаӊа пәтердіӊ иегерлері "Жас отбасы" бағыты бойынша кезекке тұрғандар болды, деп хабарлайды әкімдіктіӊ баспасөз қызметі.

Икімдіктен хабарлағанындай, биыл 3 мыӊ пәтер салынып, кезекке тұрғандар арасында бөлінетін болады. Бұл дегеніміз, ағымдағы жылы кезекке тұрған 25 мыӊ азаматтыӊ 12 пайызы тұрғын үй алады.

Үй "Қолжетімді тұрғын үй" мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылған және жалпы аталмыш бағдарлама аясында "Саялы" шағын ауданында 15,3 млрд теӊгеніӊ 65 тұрғын үйініӊ құрылысы аяқталды. Жыл соӊына дейін тағы 3 үй пайдалануға беріледі.

Икімдікте атап өткендей, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында "Жас Қанат" шағын ауданында 12 тұрғын үй салынды - ол жерде 760 пәтер бар. Сонымен қатар, биыл "Саялы" және "Жас Қанат" шағын аудандарында 834 пәтері бар 13 тұрғын үй салынатын болады.

"Мемлекет басшысыныӊ шешіміне орай, 10 мыӊ жұмыс орнын құратын 56,1 млрд теӊгеніӊ қолжетімді баспанасыныӊ құрылысына қаражат бөлінді. Тағы 1700 пәтерді азаматтарға Қазақстандық ипотекалық компания арқылы іске асыру жоспарланған",-делінген хабарламада.

Келесі жылы 6 мыӊ отбасыға немесе кезекке тұрғандардыӊ 24 пайызына пәтер беру жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны