16.01.2014, 19:02 4958

Алматыда 2013 жылы салық және өзге де міндетті төлемдерден 1,4 трлн теңге түсті

Республика бойынша Алматының бюджетке әкелетін қаржы көлемі 28 пайызды құрайды. Бұл шамамен 1,1 трлн теңге. 2013 жылы салық жинау жоспарының 102 пайызы орындалды. Салық және өзге де міндетті төлемдерден Алматы қаласының бюджетіне 1,4 трлн теңге түсті, бұл көрсеткіш 2012 жылғымен салыстырғанда 156 млрд теңгеге артық.

Алматы. 16 қаңтар. Kazakhstan today. 2013 жылы салық және өзге де міндетті төлемдерден Алматы қаласының бюджетіне 1,4 трлн теңге түсті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Республика бойынша Алматының бюджетке әкелетін қаржы көлемі 28 пайызды құрайды. Бұл шамамен 1,1 трлн теңге. 2013 жылы салық жинау жоспарының 102 пайызы орындалды. Салық және өзге де міндетті төлемдерден Алматы қаласының бюджетіне 1,4 трлн теңге түсті, бұл көрсеткіш 2012 жылғымен салыстырғанда 156 млрд теңгеге артық. Жергілікті бюджетке түскен қаражат 261 млрд теңгені құраса, бұл өткен жылғыдан 29,4 млрд теңгеге артық", - делінген хабарламада.

Жалпы экономикалық көрсеткіштің өсімімен қатар Алматы қалалық салық органдары тарапынан тиісті шаралар атқарылды. Атап айтар болсақ, салық төлеушілер мен салық жинаушылар арасында әріптестік қатынас құрылып, айыппұл және өзге де ескерту шараларынсыз өз бетінше салық төлеушілер төлемдерді төлеп отырады.

Нәтижесінде қаланың 1 532 салық төлеушісі бұзған ережелері және өзге де шарттарға сай өз беттерімен бюджетке 40 млрд теңге төлем төлеген.

Айта кету керек, соңғы жылдарда салықтық тексерім санының азайып келе жатқаны байқалады. 2013 жылы салық тексерістері 2012 жылғыдан екі есеге азайған. 1430 кешенді және тақырыптық шаралар бойынша бюджетке қосымша 31,7 млрд теңге қаражат түсті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны