16.04.2009, 17:23 3398

Алматыда 20-ға жуық құрылыс қоршаулары бұзылып, босаған аумақтарда жасыл аймақтар құрылады

Алматыда 20-ға жуық құрылыс қоршаулары бұзылып, босаған аумақтарда жасыл аймақтар құрылады

Алматы. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда 20-ға жуық құрылыс қоршаулары бұзылып, босаған аумақтарда жасыл аймақтар құрылады. Бұл туралы кеше Алматы қалалық әкімдігінде өткен кеңесте табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Сұлтанбек Мәкежанов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес құрылысы тоқтап қалған немесе әлі бастала қоймаған аумақтардағы қоршауларды алып, оларды көгалдандыру және жайластыру жөнінде шешім қабылданды, бұл да қосымша жасыл аймақтарды құруға мүмкіндік береді. Бүгінгі жағдаймен Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы қызметі аудан әкімдерімен бірлесе отырып жалпы аумағы 27 гектарды құрайтын 20-ға жуық қоршауды құлатты. Қала әкімінің бұйрығымен, бұл аумақтарда жасыл аймақтар құрылады", - деді С. Мәкежанов.

"Жалпы алғанда "жол картасы" бойынша аумақтарды жайластыру мен табиғат қорғау шараларына жергілікті бюджет қаражатынан 2,1 млрд теңге қарастырылған, соның нәтижесінде шамамен 1800 жаңа жұмыс орны құрылады. Және республикалық бюджеттің 2,2 млрд көлеміндегі қаржысының қолдауымен қосымша тағы 1500 жұмыс орнын құруға мүмкіндік бар", -деді С. Мәкежанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны