28.04.2018, 13:26 6915

Алматыда 30 шақырым жаӊа тротуарлар жөнделеді және салынады

Еске салсақ, қаланы жаӊартудыӊ екінші жылы бойына биылғы жазда бірқатар негізгі даӊғылдар жаӊарады.Инженерлік инфрақұрылымды модернизациялау кезінде 12 шақырым жылу желісін ауыстыру жоспарланған. Бұлардан өзге, бұрыннан жаӊарған 455 аула алаӊдарына қосымша тағы да 585 аула жөнделеді.

Алматы. 27 сәуір. KazakhstanToday - Алматыда 30 шақырым жаӊа тротуарлар жөнделеді және салынады.

Мегаполисте "қалалар жүргіншілер үшін" қағидасы аясында ұзындығы 30 шақырым болатын жаӊа тротуарларды жөндеу мен салу жұмыстары басталды. Қаланыӊ 157 көшесін жөндеу барысында жүргінші жолдары да жаӊарады.

Көше-жол жүйелерін жөндеу кезінде бұзылған арық науалары ауыстырылып, керексіз конструкциялар алынып, жасылдандыру атқарылады. Қозғалыстыӊ өткізу қабілетін арттыру мақсатында жиектегі тұрақ қалталары ғана абаттандырылады. Жүргіншілердіӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшеден кіру бөлігі тарылады. Бұлардан өзге, мегаполис басшысыныӊ тапсырмасы бойынша жүргінші қозғалысын қиындататын құрылыстар бар тротуарлар анықталуда.

Айта кетерлігі, Түрксіб ауданында Стаханов, Париж коммунасы, Шымкент, Буденный көшелері бөлігінде жаӊа тротуарлар пайда болды. Иуезов ауданындағы №6 и №8 ықшам елді мекендерде жаӊа аулааралық тротуарлар пайдалануға берілді.Бостандық ауданында Дунаевский көшесі бойымен Жароков және Ходжанов көшелерінде де тротуарлар іске қосылды. Осыған ұқсас жұмыстар қаланыӊ барлық аудандарында жүруде.

Еске салсақ, қаланы жаӊартудыӊ екінші жылы бойына биылғы жазда бірқатар негізгі даӊғылдар жаӊарады.Инженерлік инфрақұрылымды модернизациялау кезінде 12 шақырым жылу желісін ауыстыру жоспарланған. Бұлардан өзге, бұрыннан жаӊарған 455 аула алаӊдарына қосымша тағы да 585 аула жөнделеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны