30.09.2016, 16:45 7582

Алматыда автобустар құрастыру зауыты пайда болады

Қаланыӊ көлік инфрақұрылымын дамыту "Алматы 2020" даму бағдарламасыныӊ басым бағыттарыныӊ бірі болып табылатынын атап өту қажет.

Алматы. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда автобустар құрастыру зауыты салынады. Оны іске асырудыӊ негізгі кезеӊі ағымдағы жылғы желтоқсанда аяқталады.

Қала әкімдігі хабарланғандай, "FalconEuroBus" компаниясы жобаға 24 млрд теӊгеден артық қаражат инвестициялайды. Құрылыс кезінде отандық материалдардыӊ 90%-ы қолданылады. Зауыт еӊ заманауи жабдықпен жарақтандырылады.

Жалпы ауданы 7 гектарды құрайтын жер учаскесінде әкімшілік ғимарат, құрастыру және бояу цехтарын, қосалқы бөлшектерге арналған екі қойма, жөндеу аймағын, жанармай құю станциясын, 255 автобусқа арналған жабық көлік тұрағын, сондай-ақ жүргізушілерге арналған оқу орталығын салу жоспарлануда.

"Ағымдағы жылдыӊ желтоқсанында паркке Германиядан еуро 5 экологиялық стандартыныӊ алғашқы 20 автобусы, ал кейін тағы 50-і келіп түседі. Ал келесі жылдыӊ ортасында неміс маркасыныӊ автобустары Алматы қаласында жинау жоспарлануда", - делінген хабарламада.Бұл ауа баптағыштармен жарақтандырылған 12 және 18 метрлік қолайлы қалалық автобустар. Осы жобаныӊ іске асырылуы 1300-ге жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, деп түсіндірді әкімдік.

Бұрын Алматы қаласыныӊ мәслихаты Алатау ауданында тағы бір жаӊа коммуналдық автобус паркініӊ құрылысы жобасын мақұлдағанын еске саламыз, оған бюджеттен 5,1 млрд. теӊге қаражат бөлінеді.

Қаланыӊ көлік инфрақұрылымын дамыту "Алматы 2020" даму бағдарламасыныӊ басым бағыттарыныӊ бірі болып табылатынын атап өту қажет.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны