12.05.2006, 19:09 3046

Алматыда Қазақстанның ауылшаруашылығы экономистері қауымдастығының құрылтай сьезі өтеді

АЛМАТЫ. 12-мамыр. Kazakhstan Today. Алматыда сенбі күні Қазақстанның ауылшаруашылығы саласындағы экономистері қауымдастығының құрылтай сьезі өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қазақ ұлттық аграрлық университетінен хабарлады.

Сьезде қауымдастықтың жарғысы бекітіліп, құрылтай қорытындысы бойынша резолюция қабылданбақ. Сонымен бірге еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің тиімділігін арттыру жолдары мен жаңа әдістері талқыланбақ.

Сьезге еліміздің агроөнеркәсіптік кешені кәсіпорындарының өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны