04.06.2014, 23:02 3069

Алматыда өткен Кәсіпкерлердің бірінші конференциясында Қарар қабылданды

Алматы қаласында өткен Кәсіпкерлердің бірінші конференциясында 18 пункттен тұратын Қарар қабылданды. Онда оңтүстік астананың бизнес-климатын жақсарту мәселелері ескерілген. Бұл туралы ҚР ҰКП ресми сайты хабарлады.

Алматы. 4 маусым. Kazakhstan today. Алматы қаласында өткен Кәсіпкерлердің бірінші конференциясында 18 пункттен тұратын Қарар қабылданды. Онда оңтүстік астананың бизнес-климатын жақсарту мәселелері ескерілген. Бұл туралы ҚР ҰКП ресми сайты хабарлады.

Кәсіпкерлердің бірінші конференциясына ҚР ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов және бизнес-қауымдастықтың 500-ден астам өкілдері қатысты.

"ҰКП туралы заңнамада заңжобаларын, нормативті және құқықтық актілердің жобасын міндетті түрде сараптамадан өткізу керек деп жазылған. Бұл өз кезегінде бізге кез-келген заңды басынан бастап аяғынан дейін қайтадан сараптауға мүмкіндік береді. Жалпы, бүгінгі таңда кәсіпкерлердің мүддесін қорғау, олардың талап пен арыздарын ескеру үшін барынша жағдай жасалуда. Осы ретте біз сіздерден жаңа көзқарасты, жаңа идея мен ұсыныс күтеміз",- деді ҚР ҰҚП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

Сонымен қатар, келелі отырыста Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Кәсіпкерлер палатысының мегополистің бизнес ортасындағы ролін тілге тиек етті.

"Алматы - Қазақстандағы ең үлкен қала. Ол көтерме сауда айналымының республика бойынша 46%, бөлшек сауданың 27%, сыртқы сауданың 21% қамтамсыз етеді. Алматы толығымен орныққан мемлекеттің қаржы орталығы. Егер, ЕАЭО аясында бектілген міндеттерді жүзеге асыратын болсақ, ол шаһардың дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады",- деп қала басшысы ағынан жарылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны