13.09.2006, 13:04 3039

Алматыда Шанхай ынтымақтастығы ұйымы іскерлік кеңесінің бизнес-форумы өтеді

АЛМАТЫ. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today. Алматыда 14-қыркүйекте Шанхай ынтымақтастығы ұйымы іскерлік кеңесінің бизнес-форумы өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы" қауымдастығынан хабарлады.

Форумда Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлерінің іскерлік байланысын одан әрі дамыту және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланады.

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы іскерлік кеңесінің бизнес-форумын Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы мен инвестицияларға қолдау көрсету жөніндегі Kazinvest орталығы бірлесіп ұйымдастырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны