04.07.2017, 23:22 30791

Алматыда жапондық трансұлттық корпорация екінші зауыт ашады

Индустриялық аймақтағы 4 гектар жерге орналасатын зауытты іске қосу үшін шетелдік компания жұмсайтын инвестиция көлемі 3,6 млрд. теӊгені құрайды.

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan Today - Алматыныӊ Алатау ауданындағы Индустриялық аймақта жаӊа құрылыс капсуласы жерге қағылды, енді мұнда жапондық "Tokyo Rope Manufacturing" трансұлттық корпорациясы инженерлік жүйелерді қорғайтын екінші жоғары технологиялы зауытты салатын болады. Металдан жасалған аса төзімді темір торлар мен панелдер шығаратын "Tokyo Rope Almaty" атты алғашқы зауыт өткен жылдыӊ қараша айында Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ қатысуымен ашылған еді.

Қала басшысы Бауыржан Байбек бүгінгі күні Алматыныӊ жоғары инвестициялы, инновациялық тартымды қалаға айналғанын, оған дәлел ретінде қала бойынша үстіміздегі жылы негізгі капитал инвестициясыныӊ 11%-ға, сыртқы инвестицияныӊ 25%-ға артқанын айтты.

"Өткен жылдыӊ қараша айында біздіӊ Мемлекет басшысы мен Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэніӊ кездесуі барысында тараптар екі жақты ынтымақтастықты күшейту туралы уағдаласқан болатын. Осыған орай, Алматыда жапондық іскерлік клубы мен жапондық индустриалды парк ашылып, "Tokyo Rope Almaty" жобасыныӊ екінші кезеӊі жүзеге аса бастады. Жалпы, Алматыныӊ Индустриялық аймағында импортты алмастыратын, экспорттық өнімді ұлғайтатын 40 жоба қазірдіӊ өзінде қолға алынды",- деп атап өтті Б.Байбек.

"Tokyo Rope Manufacturing" директорлар кеӊесініӊ төрағасы Шигето Танаки бұл Жапониядан өзге елде баламасы жоқ ерекше кәсіпорын екенін жеткізді. Индустриялық аймақтағы 4 гектар жерге орналасатын зауытты іске қосу үшін шетелдік компания жұмсайтын инвестиция көлемі 3,6 млрд. теӊгені құрайды.

"Мұнда жоғары сапалы металл тростар, таулы және карьерлі жұмыстар үшін болаттан жаксалып, қорғасынмен қапталған торлар, буросвайлық анкералар және басқа да өнімдер шығарылады. Өнімдерде қазақстандық мазмұнныӊ үлесі болғандықтан өзіндік құны да біршама арзан. Өндіріс көлемі бойынша жылына 17 мыӊ тонна өнім шығарылады.Зауытты іске қосу 2018 жылға жоспарланған", -деді Ш.Танака.

"Tokyo Rope" компаниясыныӊ негізі осыдан 130 жыл бұрын қаланған, болат арқандар шығару бойынша әлемде жетекші рөл атқарады, сонымен қатар селге, дауылға, түрлі тас көшкіндеріне қарсы түратын нысандарды салуды жобалаумен, монтаждаумен де айналысады. Бүгінгі күні әлемдегі ірі 20 көпірдіӊ 12-сі (Босфор бұғазыныӊ,Суэц каналыныӊ бойындағы, Гонконгтегі әлемдегі еӊ ұзын Стоункатерс көпірлері) жапондық металл арқандарын пайдаланып салынған. Жапонияда шығатын әрбір төртінші автокөлікте "Tokyo Rope" өнімдері бар. Компания жедел лифтерге және инженерлік қорғанысқа қажет жоғары сапалы өнімдер шығарумен де танымал.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны