10.02.2010, 14:40 3310

Алматыда жеке меншік сектор үш жылда толық газбен қамтамасыз етіледі - әкім

Алматыда жеке меншік сектор үш жылда толық газбен қамтамасыз етіледі - әкім

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда жеке меншік сектор үш жылда толық газбен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қала халқына есеп беру жиыны барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Алматыда 84 мың жеке меншік үй бар. Олардың 20%-ы көмірмен жылытылады. Көмір жанған кезде ауаға зиянды әрі жаман иісті заттар таралады. Сол себепті бүгінде қаланы толық газбен қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударылуда. Биыл Жетісу, Иуезов және Түріксіб аудандарын газбен қамтамасыз ету жоспарлануда", - деді Ахметжан Есімов.

Оның айтуынша, "жалпы алғанда бюджет есебінен, инвесторлар мен "Қазтрансгаз" есебінен 30 шақырымға жуық газ желісі тартылады". "Біз таяудағы екі-үш жылда жеке меншік секторды табиғи газға көшіруді толық аяқтау мақсатын қойдық", - деді ол.

Сонымен бірге, оның айтуынша, "газ жүргізілген аудандарда да адамдар отынның орнына автокөліктің дөңгелектерін, пластмасса, резеңке мен басқа да ауаны ластайтын заттарды одан әрі пайдаланып отыру жайттары анықталуда". "Бұған жол беруге болмайды. Біз, әрине, мұндай азаматтарға қатысты аса қатаң санкцияларды қолданатын боламыз", - деді Ахметжан Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны