23.02.2017, 19:23 7470

Алматылық тауар өндірушілері экспортты ілгерілету бойынша тегін қолдау көрсету қызметін алады

Мемлекеттік қолдау алу үшін өндіруші қазақстандық қамтудыӊ дайын өнімдерін шығаруы тиіс. Бұл туралы Алматы қаласы мен Алматы облысыныӊ экспортқа бағытталған кәсіпорындарымен ұлттық агенттік өткізген кеӊесініӊ барысында "KAZNEX INVEST" ҰК" АҚ басқарушы директоры Асқар Арынов мәлімдеді.

Алматы. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Алматылық тауар өндірушілеріне сыртқы нарықтарда экспортты ілгерілету бойынша тегін қолдау көрсету, шетелдік іссапарларға шығатын шығындарды өтеу, экспортты ілгерілету мәселелері бойынша оқыту және басқа да қызметтер ұсынылып отыр,- деп хабарлайды Алматы қаласы Кәсіпкерлік және Индустриялық-инновациялық даму басқармасы.

Мемлекеттік қолдау алу үшін өндіруші қазақстандық қамтудыӊ дайын өнімдерін шығаруы тиіс. Бұл туралы Алматы қаласы мен Алматы облысыныӊ экспортқа бағытталған кәсіпорындарымен ұлттық агенттік өткізген кеӊесініӊ барысында "KAZNEX INVEST" ҰК" АҚ басқарушы директоры Асқар Арынов мәлімдеді. Оныӊ айтуынша, өӊір өнеркәсібініӊ еӊ мұқтаж салалары бұрынғыша тамақ, химия және машина жасау өнеркәсіптері болып қалып отыр.

"Алматы Қазақстандағы экспортқа бағытталған компаниялардыӊ саны жағынан көшбасшы болып табылады. Мысалы, біз Zibroo спорт киімдерін шығаратын алматылық өндірушіні барып көрдік. Өтім нарығыныӊ ерекшелігіне талдау жасалғаннан кейін біз компанияға "Спорт киімдері" Ресей көрмесіне қатысуға ұсыныс жасадық. Біз компанияныӊ барлық шыққан шығындарын 100% мөлшерінде өтейміз. Сондай-ақ, біздіӊ жоспарымызда бір апта уақыт ішінде өӊірдіӊ шамамен 40 кәсіпорнын барып көру, сонан соӊ сауда миссияларыныӊ жол картасын және салалық халықаралық көрмелердіӊ күнтізбесін құрастыру ниетіміз бар", - деді Асқар Арынов.

2009-2016 жылдары өӊірдіӊ өндірістік кәсіпорындарыныӊ 27,8 млн. АҚШ долларына экспорттық келісімшарттар жасасқанын атап өтеміз. 2010-2016 жылдар ішінде сауда миссияларына Алматы қаласы мен Алматы облысыныӊ 108 кәсіпорны қатысты, нәтижесінде 100 млн. АҚШ долларына экспорттық келісімшарттар жасалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны