15.07.2013, 15:27 13483

Алматы-Ташкент тас жолында 43 жолаушы отырған автобус аударылып қалды

ЖКО "Алматы-Ташкент" тас жолының 205 километірінде орын алды. "VANHOOL" жолаушылар автобусы Түркістанға қарай бет алып бара жатқан. Автобус салонында 43 жолаушы мен 2 жүргізуші болған. Автобустың аударылуы 33 жасар жүргізушінің кінәсінан болды.

Астана. 15-шілде. Kazakhstan Today - Алматы-Ташкент тас жолында 43 жолаушы отырған автобус аударылып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жексенбі күні Жамбыл облысында 43 жолаушы мінген автобус аударылып қалды, зардап шеккендер бар деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

ЖКО "Алматы-Ташкент" тас жолының 205 километірінде орын алды. "VANHOOL" жолаушылар автобусы Түркістанға қарай бет алып бара жатқан. Автобус салонында 43 жолаушы мен 2 жүргізуші болған. Автобустың аударылуы 33 жасар жүргізушінің кінәсінан болды.

Нәтижесінде 19 бен 41 жас аралығындағы 4адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Тағы 14 жолаушы медециналық көмектен кейін ауруханаға барудан бас тартты. Жамбыл облысының ТЖД-ның өртке қарсы қызметі полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, жолаушыларды берілген бағыттағы көліктерге отырғызып, жеткізілуін ұйымдастырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны