Система Orphus

Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі есеп берді

12.02.2020, 23:22 2674

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығындағы брифингте Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов Жетісу ауданының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2020 жылға даму перспективалары туралы есеп берді.

Өнеркәсіп

Ауданның өндірістік көлемі 941 өнеркәсіп орындары есебінен құрылады, оның ішінде: 37 ірі және орта өнеркәсіп орындары мен 904 шағын кәсіпорындар. Жетісу ауданы өнеркәсіптік өндіріс көлемі жағынан 8 аудан ішінде 1 орында немесе 23%.

Оған қоса, аудан көтерме сауда бойынша басқа аудандардың ішінде 1-орынға ие, және бөлшектік сауда көлемі бойынша 4-орында.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 2,4%-ға өсуі арқылы 800,2 млрд.теңгені, көтерме сауда айналымы 0,1%-ға өсуі арқылы 1,9 трлн.теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 5,4%-ға артты.

Көлік

Қоғамдық көліктің тиімді жүйесі мақсатында бірнеше маршруттардың схемасына өзгерістер енгізілді.

Аудан тұрғындарының өтініштері бойынша өткен жылдың тамызында Кемел ш/а бастап Көкжиек ш/а арқылы Райымбек батыр метро стансасына дейін №208 жаңа көлік бағыты құрылды.

Сонымен қатар, 2019 жылы 13 көлік бағыты бойынша 220 ескі көлік ауыстырылды ((№7, 18, 20, 32, 54, 59, 63, 65, 79, 92, 104, 120, и 129).

Жаңа үлгідегі 11 аялдама құрылғылары орнатылды. Осы жылы 30-дан аса аялмада кешенін орнату жоспарлануда.

Әлеуметтік сала

"Іскер ана" бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жылдың 5-ші тамыз күні "Бақытты отбасы" аудандық аналар орталығы ашылды. 2019 жылдың 12 қыркүйегінен 312 адам оқытудан өткен, "Bastau бизнес" жобасы бастау алды. "Менің кәсібім" жобасы арқылы 10 көпбалалы ана өз істерін жүргізуге керекті жабдықтармен қамтылып, қазіргі уақытта өз кәсіпкерлік жобаларын сәтті жүзеге асыруда.

"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы мен қалалық "Белсенді ұзақ ғұмыр" бағдарламасының аясында ауданда "Кемел" ш/а "Белсенді ұзақ ғұмыр" орталығының ресми ашылу салтанаты өтті.

Денсаулық сақтау

Ауданның денсаулық сақтау жүйесінде 3 мемлекеттік емхана (№ 11 Қалалық емхана, № 21 Қалалық емхана, "Құлагер" алғашқы медикалық-санитарлық көмек көрсету орталығы) жұмыс істейді. 3 емханада 122 мың адамға қызмет көрсетіледі.

Денсаулық сақтау саласының көптеген атқарылған жұмысы нәтижесінде оң динамика байқалуда. Ауданда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай жақсарған. 2018 жылға қарағанда 2019 жылғы көрсеткіш 35,9 (53 тен 36-ға) пайызға төмендеген.

Білім беруді дамыту

Ауданда 21 жалпы орта білім беру ұйымдары мен 22 мемлекеттік меншік нысанындағы мектепке дейінгі мекмелер жұмыс атқарады.

Күндізгі 21 жалпы білім беру ұйымдарында оқитын оқушылар саны 2018-2019 оқу жылдарының аяғына 25 281 баланы құрады. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушы контингенті 1344 оқушыға артқан.

Қоғамдық қауіпсіздік

Қала әкімінің 2019 жылдың 13 қыркүйегіндегі тапсырмасына сәйкес ауданда Көкжиек ш/а мен Есенов көш, 154/1 мекенжайы бойынша 2 учаскелік полиция пункті ашылды.

Сүйінбай даңғылы мен Райымбек даңғылының қиылысы, Солтүстік айналым көшесі "Салем" базарының жанында, Айнабұлақ ш/а Жұмабаев көшесі мен Мұқатай көшелеренінің қиылысы және Рабочий поселок ш/а Федоров көшесінің бойынан Жетісу ауданындағы қылмыстың төмендеу көрсеткіштеріне оң әсер еткен, 4 модулдік полиция пункттері ашылды. 2019 жылдың ішінде 46 бейне постарында "Сергек" бейнетіркеу жүйелері орнатылды.

Қабылданған шаралар аудан бойынша қылмыс деңгейін 46% - ға төмендетуге мүмкіндік берді (өткен жылмен салыстырғанда).

Көріктендіру

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша "жаңа Алматы" жобасын жүзеге асыру аясында бақтар мен саябақтарды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

2 жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылды, Айнабұлақ-2 шағын ауданында -1,3 га, Айнабұлақ-3 шағын ауданында - 2,3 га.

5 саябақы абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Одан бөлек Айнабұлақ 1 және 2 ш/а аралығындағы бұрынғы Лог абаттандырылып, 4,3 га аумақты құрайтын аймақ, орындық, қоқыс жәшіктері, сыртқы жарықтандыру шамдары орнатылған, тұрғындардың демалып серуендеуіне арналған саябаққа айналды.

17 мың ағаштарға (жоспар 12 мың) санитарлық кесу және 500 апатты ағашға санитарлық құлату жүргізілді.

Тұрғын үй құрылысы мен коммуналдық шаруашылық

2019 жылы ауданда жеке тұрғын үй салуға 69 сәулет-жоспарлау тапсырмасы берілді. Оның ішінде - 26-сы енгізу актілерін алды, 43 нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Осылай, қазан айында 40,5 млрд. теңге көлемінде алаңы 193 мың шаршы метр 2 қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы басталып, 6,3 мың шаршы метр алаңы бар 3 қабатты кешен құрылысы аяқталуда.

Ауданның 65% аулалары, 66% көшелері жарықтандырылды. Барлық қаражат көздері, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ең алдымен сыртқы жарықтандыру жүйесі мүлде орнатылмаған қаланың шеткі бөліктеріне және аулаларына бағытталды.

Жетісу ауданында 665 көппәтерлі тұрғын үй орналасқан, олардың ішіндегі 580 үйде 47 ПИК қызмет атқарады. Өткен жылы 21 ПИК-тердің өз қаражаты есебінен 162 үйде 33,4 млн.теңгеге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Осы уақытқа дейін жылдар бойы 277 пәтерге 7 үйдің 700 тұрғындардың есебінен қызмет көрсетіліп келген 3 иесіз қазандыққа қатысты мәселе шешілді (Таиров көш.54, Солнечный көш.5,Есім хан 40а). Қазіргі кезде қызмет көрсету Алматытеплокоммунэнерго балансына өткізілді. Арық желісінің 19 мекенжай бойынша 13 мың шаршы метр жаңа құрылысы және қайта құру жұмыстары аяқталды.

Қоршаған ортаны қорғау

2019 жылдың қыркүйегінде Алматыда алғаш рет, Жетісу ауданында "Экопатруль" акциясы бастау алды. Jasyl Almaty акциясының барысында 4 мың ағаш егілді.

2019 жылы "Монолит" компаниясымен бірге өңделген "EcoLom" жобасы іске қосылды. Тұрғындар ұялы телефондарына "EcoLom" қосымшасын пайдалана отырып, арнайы белгіленген жәшіктерге қоқыс тапсыру арқылы ақша таба алады.

2020 жылға арналған жоспарлар

Әкімнің тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың наурыз айының соңына дейін Жетісу ауданын үшжылдық дамыту шебер-жоспары жасалады.

Кемел ш/а күніне 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулатория салу үшін ЖСҚ (жобалық-сметалық құжаттама) өңдеуге қаржы бөлінді. Сондай-ақ №11 емхананы сейсмикалық күшейте отырып күрделі жөндеуден өткізу үшін Жобаның сметалық құжаттамасын өңдеу жұмыстары басталды.

Айнабұлақ-4 ш/а №174а үйі мекенжайы бойынша орналасқан 1983 жылы салынған иесіз ғимаратты сүре отырып 160 орыға бала бақша салу. Мердігер ұйым болып "Кап Проект" табылады. "Жеке тұрған ғимаратты сүре отырып спортзал мен алаңы 600 шаршы метр асхана үшін №43 мектепке қосымша құрылыс", "№80 және №129 мектептерде сейсмикалық нығайтудан өткізіп күрделі жөндеу" үшін ЖСМ дайындау жоспарлануда. "№177 мектепке 600 орындық қосымша құрылыс" жұмысына ЖСҚ дайындау.

Алдағы 3 жылда біз шешетін негізгі мақсаттардың бірі - ол ауыз суымен 100 % қамту. Қазір ауданның 61 көшесі орталық су құбырына қосылмаған.

2020 жылға Қазыбаев көш. жаяу жүргінгі аймағын күрделі жөндеу жоспарланып отыр.

Одан басқа, Ахтанов, Боткин, Бурундайский, Қазыбаев көшелері мен Көкжиек ш/а 5 саябақты ағымдағы жөндеу жоспарланған. Сонымен бірге, Көкмайса ш/а, Кемел ш/а-нан 2 саябақ салу жоспарланып отыр.

2020 жылы "Сергек" 42 видеобақылау камералары орнатылады.

Ағымдағы жылға жалпы ұзындығы 22 км. құрайтын 23 мекенжай бойынша жол жабындысын орташа жөндеуден өткізу жұмыстары жоспарланды, сонымен қатар 6 мекенжай бойынша жаяу жүргіншілер жолдарын салу және жаңғырту жоспарланған.

Ауданның 100% сыртқы жарықтандыруы үшін жаз мезгілінде жалпы ұзақтығы 71 км болатын 241 мекен-жай бойынша құрылыс басталады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны