Алматы облысында төрт ауданда суармалы су тасымалдау желілерін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын
Алматы. 27 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы облысында сауармалы кезең сәтті аяқталды.
Бұл туралы пресс-тур барысында "Қазсушар" РМК Алматы облысы бөлімшесінің директоры Смайыл Қуметов мәлімдеді. Журналистер Ислам Даму Банкі қаржыландырған Көксу су қоймасын қайта жаңғырту жобасымен танысып, сол жерден суармалы су алатын шаруа қожалықтарының басшыларымен сұхбаттасты. Сондай-ақ, Ескелді ауданы бойынша су тасымалдау жүйесінің жұмысымен танысты. Бұдан бөлек, Қызылағаш су қоймасы құрылысының аяқталу шегіндегі жұмыс барысын бағамдап қайтты.
Биыл Алматы облысындағы өзендерінің су деңгейінің төмен болуына байланысты "Қазсушар" РМК өңірдегі шаруа қожалықтарын суармалы сумен қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыстар жүргізген болатын. Атап өтсек, бірқатар гидробекеттер мен су тораптары салынды. Су деңгейі тәулік бойы бақылауға алынды. Арнайы мамандардан құрылған комиссия су тапшылығы байқалған аймақтарға барып, суармалы судың тең бөлінуін қадағалады.
"Су деңгейінің төмен болуына байланысты "Қазсушар" РМК Алматы облыстық бөлімшесінің мамандары өңірдегі өзендер бойынша су берілу тәртібін әзірледі. Жергілікті шаруа қожалықтарының басшыларымен бірлесе отырып, су беру кестесін дайындадық. Соңғы бір айдың ішінде өңірде су тапшылығы жойылып, жағдай тұрақталды деп айтуға болады" деді Смайыл Қуметов.
Күрделі кезеңде қалыптасқан Ақсу ауданындағы су тапшылығы мәселесін оңтайлы шешкені үшін "Келешек", Квитко және "Қылышбеков" сынды жергілікті шару қожалықтарының басшылары да гидротехник мамандарға алғысын айтты. Тәулік бойы кезекшілік жасап, суармалы жерлерге су жеткізгені үшін ризашылығымызды білдіреміз деді шаруалар.
Бүгінгі таңда облыс бойынша төрт ауданда суармалы су тасымалдау желілерін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Олар Алакөл, Ақсу, Көксу және Ескелді аудандары. Аталмыш елді мекендердегі суармалы жерлердің жалпы аумағы 35,4 мың гектарды құрайды. Ислам Даму Банкі осы өңірлердегі су нысандарын қалпына келтіру үшін 18 млрд. теңге қаражат бөлген. Осылайша бүгінгі таңда Ескелді ауданындағы механикалық тазарту жұмыстары 80%-ға, бетон каналдарды жаңарту жұмыстары 90%-ға аяқталған. Ал, Ақсу ауданындағы қайта жаңғырту жұмыстары 2021 жылдың үшінші тоқсанында мәресіне жетеді деп жоспарлануда деді С.Қуметов.
Айта кетейік, "Қазсушар" РМК Алматы облыстық бөлімшесі 7 аудан мен 2 қалаға су арналары арқылы суармалы су береді. Олар Алматы облысының Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Көксу, Панфилов, Ұйғыр аудандары мен Қапшағай және Талдықорған қалалары. Бөлімше балансында 15 су жинау торабы, 9 су қоймасы және 5 мың шақырымдық су тарату желілері бар. Ол арқылы 8 ауданның шаруа қожалықтарына суармалы су жеткізілуде.
Биылғы жылдың алғашқы 6 айында "Қазсушар" РМК Алматы облыстық бөлімшесі 7 мыңнан астам шару қожалығымен келісімшарт жасасқан. Қазіргі таңда көрсетілген қызмет шеңберінде 441 880,0 мың текше метр су таратылған. Ал межеленген жоспар 397 526 мың текше метр болатын. Осылайша жоспарды орындау көрсеткіші 120%-ды құрады.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Қазақстан мен Солтүстік Македония инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ҚМГ зауыттарының мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару көлемі ең жоғары тарихи межеге жетті
Биылғы 11 айда зауыттарымыз ең жоғары межеге жетті - 16,6 млн тонна мұнай өңделді. МӨЗ ұжымдарының жұмыла жұмыс істеуінің арқасында өңдеу көлемін ұлғайтып қана қоймай, жеңіл мұнай өнімдерінің шығару деңгейін едәуір арттырдық. Нәтижесінде елімізді қажетті отын көлемімен қамтамасыз еттік", - деді ҚМГ басшысы.
Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС (ПМХЗ) жоспарлы алдын алу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтап, нарықты қосымша отын көлемімен қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта кәсіпорын пайдаланудың жөндеуаралық кезеңін ұлғайту жөніндегі жобаны белсенді іске асыруда. Бұл шаралар кешені өндірістің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Ол жабдықтар мен негізгі тораптарды техникалық тұрғыдан жаңартуды, шикізат ағындарының конфигурациясын өзгертуді, сондай-ақ заманауи автоматтандырылған басқару жүйелерімен жабдықтауды қамтиды. Биылғы жұмыстың қорытындысы бойынша ПМХЗ 5,76 млн тоннаны өңдеуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі 74% деңгейінде болады деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Түркістан облысында қуаты 300 МВт болатын күн электр станциясының құрылысы басталды
Бүгін өңіріміздің ғана емес, бүкіл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен "жасыл экономикаға" көшу жолындағы маңызды жобалардың бірі - қуаты 300 МВт болатын күн электр станциясының іргетасын қалау рәсіміне жиналып отырмыз. Түркістан облысы - ауа температурасы ең жоғары аймақтардың бірі. Сондықтан жаңартылатын энергия жобаларын дамыту, күн қуатын пайдалану - өңіріміз үшін аса тиімді әрі болашағы бар бағыт. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін құйылатын инвестиция құны шамамен 160 млрд. теңгені құрайды. Жоба аясында 500-ге жуық жұмыс орны ашылады деп көзделуде және жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі бастама - экологиялық таза, тұрақты даму жолына түскен Түркістанның болашағына салынған инвестиция. Бұл жоба облысымыздың энергия инфрақұрылымын нығайтып қана қоймай, халықаралық инвесторлар үшін өңірдің тартымдылығын арттыра түседі. Осы жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасының Президентіне, Үкіметіне, барлық министрліктер мен мекемелерге, сондай-ақ серіктес компания "Energy China" басшылығына алғыс айтқым келеді. Ынтымақ пен сенімге негізделген серіктестігіміз алдағы уақытта да табысты жалғаса беретініне сенімдімін. Бүгінгі салтанатты рәсім - үлкен жұмыстың бастамасы. Жобаның табысты жүзеге асуына тілектеспін", - деді Нұралхан Көшеров.
China Energy Engineering Overseas Investment Company" директорлар кеңесінің төрағасы Линь Сяодань жобаның техникалық, экологиялық және инвестициялық қырларына тоқталып, оны сапалы әрі белгіленген мерзімде іске асыруға дайын екендерін мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Испаниялық компания Қызылорда облысындағы зауыт құрылысына 44 млрд теңге инвестиция салады: инвестициялық келісімге қол қойылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
9 апатты энергия көзі жөнделді, жылу желілерінің тозуы 25%-ға төмендеді
Инфрақұрылымды қалпына келтірумен қатар жаңа қуат көздерін іске қосу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. 2025 жылы Текелі энергетикалық кешенінде газотурбиналық қондырғылар пайдалануға берілді, ал Топар МАЭС-інде (мемлекеттік аймақтық электростанса) 130 мегаватт қуаттылығы бар жаңа турбоагрегат сәтті іске қосылды. Энергетикалық жүйе сұраныстың алдын орап, рекордтық көрсеткіш сағатына 118 млрд киловатт электр энергиясын өндірді", - деді Ерлан Ақкенженов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Соңғы 25 жылда электр энергиясын тұтыну 2,5 есеге өсті: Үкімет Президент тапсырмасы бойынша жаңа қуат көздерін іске қосуда
Үдеріс бір орында тұрмайды. Бүгінде елімізде екі суперкомпьютер жұмыс істейді - AlemAI және AI Farabium. Жасанды интеллект, суперкомпьютерлер дамуы, деректер орталықтарының құрылысы және өнеркәсіптік өндірістің өсуі нәтижесінде электр энергиясын тұтыну көлемі сөзсіз артады.
Бұл жобалардың барлығы ұлттық энергия жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Яғни, Қазақстанның мақсаты - 2035 жылға қарай электр энергиясын өндіруді екі есеге арттыру", - деп қорытындылады сөзін Ерлан Ақкенженов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 12%-ға ұлғайды
Мұнай-газ химиясындағы өнім өндірісінің көлемі 12%-ға өсті. Қазақстан терең өңделген полипропилен, бензол және параксилол сынды өнімдерді сыртқы нарықтарға жүйелі түрде жеткізуді бастады", - деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі зауыттарды жаңғырту есебінен 40 млн тоннаға жетпек
Биыл мұнай өңдеу саласын 2040 жылға дейін дамытуға арналған ұзақмерзімді өндірістік бағдарлар бекітілді. Олар қуаттарды ұлғайту, өнім сапасын арттыру және ғылыми-технологиялық шешімдерді енгізу қағидаттарына негізделген. Негізгі мақсатты көрсеткіш - қолданыстағы мұнай өңдеу зауыттарын кеңейту және қуаттылығы жылына 10 миллион тоннаға дейінгі жаңа мұнай өңдеу зауытын салу жобасын іске асыру арқылы мұнай өңдеу көлемін 18 миллион тоннадан 39 миллион тоннаға дейін арттыру", - деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.12.2025, 20:37Қазақстандық делегация "Ертіс: достық өзені - даму өзені" халықаралық форумына қатысты 15.12.2025, 22:01 164636Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді15.12.2025, 23:10 164336Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 23:30 164086Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды17.12.2025, 11:28 128456Домбыра мен сазсырнай Бельгияның Корольдік музыкалық аспаптар музейінің коллекциясына енді
10.12.2025, 17:08 183581Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады15.12.2025, 20:37 165941Қазақстандық делегация "Ертіс: достық өзені - даму өзені" халықаралық форумына қатысты15.12.2025, 22:01 164636Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді15.12.2025, 23:10 164336Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 23:30 164086Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды

