11.05.2020, 18:40 4116

Алматы облысының Талдықорған және Қапшағай қалаларында жылумен жабдықтау қызметтеріне тарифтер төмендетілді

Осыған байланысты, Департаменттің 2020 жылғы 31 наурыздағы бұйрығымен "Қапшағайжылу" МКК-ы үшін үш жылға 1 Гкал үшін 3 161,03 тенге мөлшерінде уақытша өтемдік тариф бекітілді, яғни тариф 33,66%-ға төмендеді, бұл тариф 2020 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді.

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы облысының Талдықорған және Қапшағай қалаларында жылумен жабдықтау қызметтеріне тарифтер төмендетілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті "Талдықорғанжылусервисі" МКК-ның және "Қапшағайжылу" МКК-ның 2019 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының және инвестициялық бағдарламаларының орындалуына талдау жүргізді.

Нәтижесінде, "Талдықорғанжылусервисі" МКК-ы үшін қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, 42 069 913,81 теңге көлемінде негізделмеген пайда мөлшері анықталды.

Осыған орай, Департаменттің 2020 жылғы 11 мамырдағы бұйрығымен "Талдықорғанжылусервисі" МКК-ы үшін бір жылға 1 Гкал үшін 6 326,23 теңге мөлшерінде уақытша өтемдік тариф бекітілді, яғни тариф 1,34%-ға төмендетілді, бұл тариф 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Сонымен қатар, "Қапшағайжылу" МКК-ы үшін қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, 883 339 912,00 теңге негізделмеген пайда мөлшері анықталды.

Осыған байланысты, Департаменттің 2020 жылғы 31 наурыздағы бұйрығымен "Қапшағайжылу" МКК-ы үшін үш жылға 1 Гкал үшін 3 161,03 тенге мөлшерінде уақытша өтемдік тариф бекітілді, яғни тариф 33,66%-ға төмендеді, бұл тариф 2020 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны