27.01.2021, 18:05 17181

Алматыда коммуналдық қызметтерге тарифтер төмендетілді

Алматы. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыда жылу энергиясының тарифі өзгеріссіз қалды. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Тимур Қаленов онлайн брифингіде мәлім етті.
 
Оның айтуынша, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жылумен жабдықтауға арналған тарифтің жоспарлы 14% - ға өсуі күтілген. Алайда, Мемлекет басшысының халық үшін тарифтердің өсуіне жол бермеу туралы тапсырмасын орындау үшін энергия көздеріндегі тарифтер төмендетілді.
 

2020 жылы халық үшін жылу энергиясына тариф өзгерген жоқ - 4294,6 теңге. Бұдан басқа, халыққа арналған тарифтер көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуіне байланысты 2020 жылғы 1 наурыздан бастап - 2% -ға, сондай-ақ 2020 жылғы 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында 10% -ға төмендеді, әсіресе төтенше жағдай кезінде ыстық су тарифі төмендеді, - дейді Тимур Қаленов.

 
Биыл 1 ақпаннан бастап халық үшін жылумен жабдықтауға арналған тариф 3%-ға азаяды. Соның арқасын 552 млн теңге үнемделеді.
 
Сонымен қатар, ол департамент 2020-2024 жылдарға арналған сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне тарифтің шекті деңгейін бекіткенін жеткізді.
 

Соған сәйкес сумен жабдықтау қызметтері бойынша халық үшін тариф 44,65 теңге/м3 кезінде 4% -ға 42,86 теңге/м3 дейін, су бұру қызметтері бойынша тариф 23,14 теңге/м3 мөлшерінде 0,1% -ға 23,12 теңге/м3 дейін төмендеді. Сонымен қатар, 2020 жылғы 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында сумен жабдықтау және су бұру тарифтері төтенше жағдай кезінде 10% -ға азайды", - деді ол.

 
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап кВт-сағ үшін 17,12 теңге мөлшерінде электрмен жабдықтау тарифі қолданылады.
 

2021 жылғы 1 ақпаннан бастап Алматы қаласы бойынша электр энергиясын беру және теңгерімдеу, қуатты қамтамасыз ету тарифтерінің төмендеуіне байланысты халық үшін электрмен жабдықтау тарифі 1,5% - ға, заңды тұлғалар үшін 1,2% - ға төмендеді. Халық үшін үнем 554 млн теңгені, заңды тұлғалар үшін 820 млн теңгені құрады", - деді спикер.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны