22.09.2025, 18:38 88676

Алматыда шыны ыдыс өндіретін зауыт ашылады

Алматының Индустриялық аймағында шыны ыдыс өндіретін зауыт іске қосылады. Бұл туралы "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы хабарлады, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.

6,4 мың шаршы метр аумақта орналасқан кәсіпорын жылына 21,6 мың тоннадан астам өнім шығара алады. 58 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Зауыттың ашылуы отандық ішкі нарықты толықтай шыны ыдыспен қамтамасыз етіп, Ресей мен Өзбекстаннан келетін импортқа тәуелділікті азайтады.

Айта кетейік, бүгінде елімізде үш шыны зауыты жұмыс істейді. Екеуі Алматыда, бірі Шымкентте. Қазір олар сұраныстың жартысын ғана өтеп отыр.

Жобаны "Бағдар ЛТД" ЖШС "Алматы" ӘКК-нің еншілес ұйымы - "Almaty Finance" ЖШС қаржылай қолдауымен жүзеге асырып отыр. "Almaty Business - 2025" бағдарламасы аясында зауытты іске қосуға 500 млн теңге бөлінді. Оның ішінде 300 млн теңге жабдық сатып алуға, іске қосу-реттеу жұмыстарына және логистикаға бағытталса, 200 млн теңге айналым қаражатын толықтыруға жұмсалды. Қаржыландыру мөлшерлемесі - жылдық 6%, мерзімі - 4 жылға дейін.

Жоба тұрақты өндірісті дамытуға және циркулярлық экономиканың қағидаттарын қолдауға бағытталған. Шыны ыдыс шығарумен қатар, зауыт шыны сынықтарын қайта өңдеп, қалдықты кәдеге жарату мәселесін шешуге және қоршаған ортаны қорғауға үлес қосады", - деді "Almaty Finance" ЖШС басқарма төрағасы Берік Құсайынов.


Зауыттың шыны сынықтарын қайта өңдеуі өндірістік қалдық көлемін азайтып, циркулярлық экономиканың дамуына серпін береді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны