06.08.2020, 22:43 8798

Алматыда жыл соңына дейін электр қуатының тарифтері көтерілмейді

Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев айтты.

Алматы. 6 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда жыл соңына дейін электр қуатының тарифтері көтерілмейді.

Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев айтты.

"Жыл соңына дейін электр қуатының тарифы өспейді", - деп сендірді Ә. Масабаев.

Сонымен қатар, ол төтенше жағдайлардың алдын алу үшін, қалада жылыту маусымына дайындалып жатқандығын атап өтті.

"Үш жыл ішінде 1986 жылдан бері жөнделмеген Төле би көшесінің жылу магистралінің үлкен бөліктері ауыстырылды. Бұл жұмыс мамыр айында басталды. Біз барлық жабдықтарды, құбырлар мен жылу желілерін тексердік. 200-ден астам зақымдалған жерлер анықталды. Олардың 80% жөнделді. Қалғанын қыркүйекке дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз ", - деді Ә. Масабаев.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны