25.09.2020, 23:18 10410

Алматының Наурызбай ауданында "Бюджетке қатысу" жобасымен 8 жоба жүзеге асырылуда

"Бюджетке қатысу" жобасы аясында аудан аумағында 124,2 млн.теңгеге 8 жоба жүзеге асырылуда. Олардың екеуі - балалар спорт алаңы, біреуі Әшімов-Айтматов көшесінде, екіншісі Ақтамберді жырау көшесінде орналасқан. Баскетбол алаңы.

Алматы. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматының Наурызбай ауданында "Бюджетке қатысу" жобасымен 8 жоба жүзеге асырылуда.

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Бағлан Дәндібаев "Бюджетке қатысу" жобасы аясында аудан аумағында жүзеге асырылып жатқан жобаларды атап өтті.

Қала аумағында "Бюджетке қатысу" жобасы жүзеге асырылуда. Оның аясында әрбір тұрғын жайлы қалалық ортаны құруға қатыса алады. Бағлан Дәндібаев атап өткендей, Алматы қаласы, Наурызбай ауданының аумағында бүгінгі күні қала тұрғындарының көмегімен бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

"Бюджетке қатысу" жобасы аясында аудан аумағында 124,2 млн.теңгеге 8 жоба жүзеге асырылуда. Олардың екеуі - балалар спорт алаңы, біреуі Әшімов-Айтматов көшесінде, екіншісі Ақтамберді жырау көшесінде орналасқан. Баскетбол алаңы.

3 воркаут алаңдар Абай саяжайындағы Центральная көшесінде, сондай-ақ Қалқаман шағын ауданындағы Ақтамберді көшесінде және Нұрмұхамедов көшесінде орнатылды. Қосымша баскетбол алаңы Таужолы шағын ауданында бар және Тоғызқұмалақ ойын алаңдары да орнатылды", - деп хабарлады Алматы қаласының Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Бағлан Дәндібаев.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 2021 жылға өтінімдер қабылдау басталды. Қабылдау 5 қазанға дейін budget.open-almaty.kz. сайтында жүргізіледі. Қаланың әрбір тұрғыны өтінім беріп, қалалық ортаны жақсартуға қатыса алады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны