02.12.2025, 23:12 87561

Қанат Бозымбаев пен Азия даму банкі басшылығы Қазақстандағы инвестициялық жобалардың іске асырылуын талқылады

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Азия даму банкінің Орталық және Батыс Азия өңірі бойынша Бас директоры Лея Гутьерреспен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында сумен жабдықтау, су бұру, энергетикалық жүйеге көшу, апаттық тәуекелдерді сақтандыру және басқа да бағыттар бойынша инвестициялық жобалар талқыланды.

Су ресурстары және ирригация министрлігі АДБ-мен бірлесіп Ақмола облысындағы Есіл өзенінде Есіл контрреттегішін салуды қаржыландыру мәселелерін пысықтап жатыр. Сондай-ақ Жезқазған, Сәтбаев, Степногорск және Балқаш қалаларында кәріз-тазарту нысандарын іске асыру бойынша бірлескен жұмыс жалғасуда. Сондай-ақ Банк өкілдері энергетика және коммуналдық секторларды жаңғыртуға бағытталған Ұлттық жобаға қатысуға қызығушылық танытты.

Тараптар ұзақ мерзімді серіктестіктің перспективаларын жоғары бағалап, әрі қарайғы нәтижелі ынтымақтастыққа үміт білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны