25.10.2012, 17:15 7168

АӨК дамыту жөніндегі жаңа салалық бағдарламаның таныстырылымы өтті

25 қазан күні Павлодар облысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі М. Толыбаевтың қатысуымен аймақтық жиналыс өтті. Отырыста Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) дамыту бойынша Бағдарлама жобасы талқыланды (Агробизнес-2020).

Павлодар. 25-қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Павлодар облысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі М. Толыбаевтың қатысуымен өткен аймақтық жиналыста Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша Бағдарлама жобасы талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

25 қазан күні Павлодар облысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі М. Толыбаевтың қатысуымен аймақтық жиналыс өтті. Отырыста Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) дамыту бойынша Бағдарлама жобасы талқыланды (Агробизнес-2020).

Вице-министр жаңа бағдарламамен қарастырылған мемлекеттік қолдау механизмдері ДСҰ-ға келешекте кіру қарсаңында АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттіктерін жоғарылату үшін оңтайлы жағдай жасап отырғандығын атап өтті.

Агробизнес-2020 негізгі индикаторлары: Қаржылық сауықтыру, АӨК субъектіріне тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін жоғарылату, АӨК субъектілерін қамсыздандырудың мемлекеттік жүйесін дамыту, АӨК мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін жоғарылату.

Бағдарламамен ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдауға 6 қаржылық құралдар қарастырылған: қарыздардың кепiлдендірілуі мен сақтандырылуы, инвестициалық субсидиялар, несие мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлерін субсидиялау, қаржылық сауықтыру, екінші деңгейлі банктерді қорландыру.Бұдан басқа бағдарлама шеңберінде фитосанитарлық, ветеринарлық және азық-түлік қауіпсіздігі бойынша шаралар кешені әзірленбек.

Жалпы 2013-2020 жылдарға арналған АӨК дамыту бойынша Бағдарламасын іске асыру үшін 2 986,96 млрд. теңге қаржы қажет, атап айтқанда тауарлармен қызметтердің экономикалық қолжетімділігін жоғарылатуға бағытталған шараларға 75%, АӨК мемлекеттік қамсыздандыруды дамытуға 14%, қаржылық сауықтыруға - 10% жұмсалмақ.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді 1,5 есе ұлғайту; ауыл шаруашылығында бір жұмыскердің еңбек өнімділігін 3 есе көбейту; агроөнеркәсіп кешенінің өнімдерінің экспорттық түсімдерін 20%-ға дейін ұлғайту, сондай-ақ республиканың азық-түлік қауіпсіздігін ішкі нарық есебінен 80% деңгейінде қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны