06.02.2014, 22:22 3169

АӨК қаржылық сауықтыруы бойынша "ҚазАгро" қаржылық институттардан түскен 33 өтінімді мақұлдады

Бүгінгі күні тағы 6,6 млрд.теңгені құрайтын 12 өтінім қарастырылу үстінде. Екінші деңгейлі банктерді қорландыру аясында "ҚазАгро" Холдингімен 36,5 млрд.теңгеге 5 қаржылық институттардың өтінімдері мақұлданды.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan today. "Агробизнес-2020" бағдарламасы аясында "ҚазАгро" Ұлттық холдингіне қаржылық институттардан 18,4 млрд.теңгені құрайтын 33 өтінім мақұлданды.

"Бірқатар шараларды, соның ішінде агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қаржылық сауықтыруды қамтитын "Агробизнес-2020" бағдарламасы аясында "ҚазАгро" Ұлттық холдингіне қаржылық институттардан 53 өтінім келіп түсті, соның ішінде бүгінгі күні 18,4 млрд.теңгені құрайтын 33 өтінім мақұлданды", - деп "ҚазАгро" Ұлттық холдингінде хабарлады.

Бүгінгі күні тағы 6,6 млрд.теңгені құрайтын 12 өтінім қарастырылу үстінде.

Екінші деңгейлі банктерді қорландыру аясында "ҚазАгро" Холдингімен 36,5 млрд.теңгеге 5 қаржылық институттардың өтінімдері мақұлданды.

Сонымен қатар, қолдаудың жаңа құралын қолдана отырып - техника мен жабдық лизингі бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, холдинг 18 млрд.теңге сомасына 1,2 мың қарызгерлерді қаржыландырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны