20.12.2013, 20:02 2860

АӨК несиелендіруде "ҚазАгро" Ұлттық холдингінің үлесі 50 пайызға жетті

Бүгінгі күні "ҚазАгро" Ұлттық Холдингі компаниялар тобының клиенттер базасы 22 мыңнан астам ауылшаруашылық тауар өндірушілерін құрайды.

Алматы. 20 желтоқсан. Kazakhstan today. Қазақстан ауыл шаруашылығы кешенін несиелендірудің жалпы көлемінен "ҚазАгро" Ұлттық Холдингінің үлесі 50 пайызға жетті, деп холдингтің баспасөз қызметі хабарлады.

"2013 жылы республикамыздың ауыл шаруашылық кешенін несиелендіруге холдингтің қаржылық институттары тарапынан 171 млрд теңге бағытталды", - делінген хабарламада.

Іс-шарада айтылып өткендей холдингтің қаржыландыру құрылымында басым бөлігін шағын және орта бизнес өкілдері алады. Бұл саланы қолдау несиелік серіктестерді, тұтыну кооперативтерін және ауылдағы микронесиелендіру жүйесін қаржыландыру бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

Бүгінгі күні "ҚазАгро" Ұлттық Холдингі компаниялар тобының клиенттер базасы 22 мыңнан астам ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді құрайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны