Асқар Маминнің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес отырысы өтті
Алматы. 29 маусым. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес отырысы өтті.
Қазақстанның "Жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдаманың іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында тұрақты және өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын дамыту туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, өңірлерде экологиялық жағдайды жақсарту және "жасыл экономиканы" дамыту жөніндегі шаралар туралы Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалин, Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов, Нұр-Сұлтан қ. әкімі А. Көлгінов және Алматы қ. әкімінің бірінші орынбасары Е. Қожағапанов баяндады. Сонымен қатар БҰҰ Даму Бағдарламасының ҚР-дағы тұрақты өкілі Я. Беріш түсініктеме беріп өтті.
"Жасыл экономикаға" көшу аясында заманауи суару жүйелерін енгізуді ынталандыру мақсатында АӨК субъектілеріне инфрақұрылымды жеткізу және суару жүйелерін сатып алу шығындарының 50%-ын өтеу, несиелер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 10%-ын субсидиялау бойынша шаралар қабылданды. 2022 жылға қарай суармалы жерлердің көлемін 2 млн га дейін жеткізу жоспарланған. Бұған қоса күріш пен мақта сияқты суды көп талап ететін дақылдардың алқаптарын азайту жұмысы жалғасады.
Фермерлердің озық жылыжай технологияларын енгізуін ынталандыру мақсатында жабдықтардың тиісті жүйелерін және кешенді шешімдерді сатып алуды көздейтін арнайы инвестициялық паспорт әзірленді. Жылыжай кешендерін салу және оларды кеңейту шығындарының 30%-ын өтеумен инвестициялық субсидиялар енгізілді. Жылыжай өндірісі нарығының көлемі 2,4 есе - 90 мың тоннадан 216,9 мың тоннаға дейін, ал жылыжай шаруашылықтарының ауданы 2,1 есе - 575,9 га-дан 1236,7 га дейін ұлғайды.
Қазіргі таңда 180,1 млн га жайылым жерлерінің 106,2 млн га (59%) жері суландырылды. Жайылым жерлерін дамытуды ынталандыру үшін суландыру инфрақұрылымын құру шығындарының 80%-на дейін инвестициялық субсидиялау енгізілді. 2014-2019 жылдар кезеңінде жайылымдарды суландыру үшін 5978 құдық салынды, ал жоспарланған көрсеткіш - 3633.
"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ білім беру орталықтарында және алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының базасында АӨК дамытудың барлық бағыттары, оның ішінде "жасыл" ауыл шаруашылығы қағидаттарын енгізу бойынша 25 мыңнан астам тыңдаушының қатысуымен 1400-ге жуық семинар өткізілді.
Отырысқа қатысушылар қалдықтарды басқару жүйесін жақсарту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, елді мекендерді газдандыру және "таза" көлікті дамыту арқылы ауаның ластануын төмендету мәселелерін қарады.
Кеңес Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының экологиялық проблемаларын кешенді түрде шешу жөніндегі жол картасының жобасын бекітті. Құжат Алматы қаласының 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО жаңғыртуды, Нұр-Сұлтан қаласының 1-ЖЭО мен 2-ЖЭО-ға жеткізуші газ құбырларын салуды, су жылытатын және энергетикалық қазандықтарды газға ауыстыруды, ағаштарды кесуге қатысты рұқсат беру рәсімдерін күшейтуді, жасыл желектер алаңын ұлғайтуды, қоғамдық көлікті, коммуналдық қызмет көліктерін газға және электр энергиясына ауыстыруды, сондай-ақ басқа да шараларды қарастырады.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Қазақстан мен Солтүстік Македония инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ҚМГ зауыттарының мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару көлемі ең жоғары тарихи межеге жетті
Биылғы 11 айда зауыттарымыз ең жоғары межеге жетті - 16,6 млн тонна мұнай өңделді. МӨЗ ұжымдарының жұмыла жұмыс істеуінің арқасында өңдеу көлемін ұлғайтып қана қоймай, жеңіл мұнай өнімдерінің шығару деңгейін едәуір арттырдық. Нәтижесінде елімізді қажетті отын көлемімен қамтамасыз еттік", - деді ҚМГ басшысы.
Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС (ПМХЗ) жоспарлы алдын алу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтап, нарықты қосымша отын көлемімен қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта кәсіпорын пайдаланудың жөндеуаралық кезеңін ұлғайту жөніндегі жобаны белсенді іске асыруда. Бұл шаралар кешені өндірістің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Ол жабдықтар мен негізгі тораптарды техникалық тұрғыдан жаңартуды, шикізат ағындарының конфигурациясын өзгертуді, сондай-ақ заманауи автоматтандырылған басқару жүйелерімен жабдықтауды қамтиды. Биылғы жұмыстың қорытындысы бойынша ПМХЗ 5,76 млн тоннаны өңдеуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі 74% деңгейінде болады деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Түркістан облысында қуаты 300 МВт болатын күн электр станциясының құрылысы басталды
Бүгін өңіріміздің ғана емес, бүкіл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен "жасыл экономикаға" көшу жолындағы маңызды жобалардың бірі - қуаты 300 МВт болатын күн электр станциясының іргетасын қалау рәсіміне жиналып отырмыз. Түркістан облысы - ауа температурасы ең жоғары аймақтардың бірі. Сондықтан жаңартылатын энергия жобаларын дамыту, күн қуатын пайдалану - өңіріміз үшін аса тиімді әрі болашағы бар бағыт. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін құйылатын инвестиция құны шамамен 160 млрд. теңгені құрайды. Жоба аясында 500-ге жуық жұмыс орны ашылады деп көзделуде және жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі бастама - экологиялық таза, тұрақты даму жолына түскен Түркістанның болашағына салынған инвестиция. Бұл жоба облысымыздың энергия инфрақұрылымын нығайтып қана қоймай, халықаралық инвесторлар үшін өңірдің тартымдылығын арттыра түседі. Осы жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасының Президентіне, Үкіметіне, барлық министрліктер мен мекемелерге, сондай-ақ серіктес компания "Energy China" басшылығына алғыс айтқым келеді. Ынтымақ пен сенімге негізделген серіктестігіміз алдағы уақытта да табысты жалғаса беретініне сенімдімін. Бүгінгі салтанатты рәсім - үлкен жұмыстың бастамасы. Жобаның табысты жүзеге асуына тілектеспін", - деді Нұралхан Көшеров.
China Energy Engineering Overseas Investment Company" директорлар кеңесінің төрағасы Линь Сяодань жобаның техникалық, экологиялық және инвестициялық қырларына тоқталып, оны сапалы әрі белгіленген мерзімде іске асыруға дайын екендерін мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Испаниялық компания Қызылорда облысындағы зауыт құрылысына 44 млрд теңге инвестиция салады: инвестициялық келісімге қол қойылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
9 апатты энергия көзі жөнделді, жылу желілерінің тозуы 25%-ға төмендеді
Инфрақұрылымды қалпына келтірумен қатар жаңа қуат көздерін іске қосу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. 2025 жылы Текелі энергетикалық кешенінде газотурбиналық қондырғылар пайдалануға берілді, ал Топар МАЭС-інде (мемлекеттік аймақтық электростанса) 130 мегаватт қуаттылығы бар жаңа турбоагрегат сәтті іске қосылды. Энергетикалық жүйе сұраныстың алдын орап, рекордтық көрсеткіш сағатына 118 млрд киловатт электр энергиясын өндірді", - деді Ерлан Ақкенженов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Соңғы 25 жылда электр энергиясын тұтыну 2,5 есеге өсті: Үкімет Президент тапсырмасы бойынша жаңа қуат көздерін іске қосуда
Үдеріс бір орында тұрмайды. Бүгінде елімізде екі суперкомпьютер жұмыс істейді - AlemAI және AI Farabium. Жасанды интеллект, суперкомпьютерлер дамуы, деректер орталықтарының құрылысы және өнеркәсіптік өндірістің өсуі нәтижесінде электр энергиясын тұтыну көлемі сөзсіз артады.
Бұл жобалардың барлығы ұлттық энергия жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Яғни, Қазақстанның мақсаты - 2035 жылға қарай электр энергиясын өндіруді екі есеге арттыру", - деп қорытындылады сөзін Ерлан Ақкенженов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 12%-ға ұлғайды
Мұнай-газ химиясындағы өнім өндірісінің көлемі 12%-ға өсті. Қазақстан терең өңделген полипропилен, бензол және параксилол сынды өнімдерді сыртқы нарықтарға жүйелі түрде жеткізуді бастады", - деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі зауыттарды жаңғырту есебінен 40 млн тоннаға жетпек
Биыл мұнай өңдеу саласын 2040 жылға дейін дамытуға арналған ұзақмерзімді өндірістік бағдарлар бекітілді. Олар қуаттарды ұлғайту, өнім сапасын арттыру және ғылыми-технологиялық шешімдерді енгізу қағидаттарына негізделген. Негізгі мақсатты көрсеткіш - қолданыстағы мұнай өңдеу зауыттарын кеңейту және қуаттылығы жылына 10 миллион тоннаға дейінгі жаңа мұнай өңдеу зауытын салу жобасын іске асыру арқылы мұнай өңдеу көлемін 18 миллион тоннадан 39 миллион тоннаға дейін арттыру", - деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.12.2025, 22:01Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді 15.12.2025, 23:10 175621Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 23:30 175371Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 20:37 171831Қазақстандық делегация "Ертіс: достық өзені - даму өзені" халықаралық форумына қатысты17.12.2025, 11:28 139741Домбыра мен сазсырнай Бельгияның Корольдік музыкалық аспаптар музейінің коллекциясына енді
10.12.2025, 17:08 183781Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады15.12.2025, 22:01 175921Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді15.12.2025, 23:10 175621Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 23:30 175371Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 20:37 171831Қазақстандық делегация "Ертіс: достық өзені - даму өзені" халықаралық форумына қатысты

