03.07.2020, 21:34 5378

Аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстардың саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есеге өсті

2020 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша тіркелген аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстардың саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есеге өсті

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін онлайн брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов Агенттіктің залалды өтеу және бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алу бойынша жұмыстарының алдын алу жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыттарының бірі ауыр және аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ жүйелі сыбайлас жемқорлықты анықтау және жолын кесу.

"2020 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша тіркелген аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстардың саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есеге өсті. Ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша өсім 10%-ды құрады. Жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу 22%-ға артты", - деді Н.Жақсымбетов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет нәтижелілігінің басты талаптарының бірі қылмыстық әрекет салдарынан мемлекетке келген шығынды өтеу.

Талдау көрсеткендей, биылғы жарты жылдың қорытындысы бойынша Антикор қазынаға 33,2 млрд теңгені өтеді, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен екі есеге артық (15,2 млрд теңге).

Соңғы 2,5 жылда 74,6 млрд теңге немесе анықталған залалдың 91%-ы өтелген.

Мысал үшін, бұл қаражатқа 37 мектеп немесе 70 балабақша салуға болады (есепке типтік мектептер мен орта мөлшердегі балабақшалар алынады).

Мемлекетке келтірілген залалды анықтау, оның жолын кесу және өтеу жөніндегі барлық ауқымды жұмысты Антикордың небәрі 660 жедел қызметкері мен тергеушісі жүзеге асырады.

"2,5 жылдың ішінде олардың әрқайсысы орта есеппен 113 млн теңгені өтеді. Егер, бұл көрсеткішті жедел-тергеу бөлімшелері офицерлерінің ай сайынғы орташа жалақысымен салыстырсақ, бір қызметкерден 9 есе қаржылық қайтарым аламыз", - деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы.

Н.Жақсымбетовтің сөзіне сүйенсек, бұл мемлекеттік қаражатты қорғау бойынша жұмыс тиімділігінің объективті және түпкілікті индикаторы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың монетарлық тиімділігінің тағы бір түрі - пара алғаны және бергені үшін еселенген айыппұлдар институты болып табылады. Айыппұл мөлшері пара көлемінің 10 есесінен бастап 80 есесіне дейінгі аралықта болады (қылмыстың ауырлығына байланысты).

2018-2019 жылдары және 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 1096 пара алушы сот үкімімен жалпы сомасы 8,6 млрд теңге айыппұлға сотталды.

Айыппұлдың орташа мөлшері 8 млн теңгені құрады.

Ұлттық экономиканың экс-министрінің ісімен пара беру фактілері бойынша Есмұқанов пен Смағұлов осы кезеңдегі ең жоғары айыппұл 672 млн теңгеге сотталды.

Сот 2020 жылы ең ірі айыппұл - 411 млн теңгені Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Уәлиевке салды.

Өздеріңізге мәлім, Агенттік бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың жолын кесу бойынша ауқымды жұмыстарды алдын алудың кешенді шаралары арқылы да жүргізеді.

Бұл бағытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтауға нақты және белсенді түрде қатысатын азаматтық қоғам шешуші рөл атқарады.

Былтыр біздің бастамамызбен 500-ден астам қоғамдық бақылаушы магистратураға түсуге жүргізген мониторингтің нәтижесінде мемлекеттің 2,7 млрд теңге қаражаты үнемделіп, дайындықсыз қатысқан үміткерлер шығарылды.

"Сатып алудың бірыңғай терезесі" талдау жүйесі арқылы сатып алу мониторингі бойынша қашықтықтан жүргізілетін күнделікті жұмыс нәтижесінде жарты жылда 6 млрд теңге үнемделді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Адалдық алаңы" бағдарламасының аясында Жол активтері сапасының ұлттық орталығымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан "Сапалы жол" жобасының нәтижесінде жолдарды жөндеу бағасын 12,5 млрд теңгеге асырып көрсету фактісі анықталып, ол тоқтатылды.

Бұл көрсеткіштердің әзірге Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ресми есептерінде көрсетілмегені туралы атап өтілді.

Сондықтан, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оны ведомствоның жұмысын бағалау барысында ескеру үшін белсенді жұмыс істейді.

"Менің ойымша, бюджет қаражатын ұрлауды дер кезінде ескерту - оны қайтаруға көп күш жұмсаудан әлдеқайда тиімдірек. Жалпы, Антикордың 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жүргізген қылмыстық-құқықтық және алдын алудың кешенді жұмыстары 105 млрд теңгені жымқыру мен тиімсіз пайдаланудың алдын алуға мүмкіндік берді. Қарқынды жұмыс жалғасады. Бюджет қаражатының мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылау, сондай-ақ жымқырудың уақытылы жолын кесу және залалды жедел өтеу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыттары болып қала береді", - деп тұжырымдады Н.Жақсымбетов.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны