11.01.2019, 14:33 6483

Астана әкімдігі миллион теӊгелік 2000 тұрғын үй сертификатын береді

Өткен жылдыӊ аяғында бюджеттік сала қызметкерлері алғашқы 100 субсидияны алды. 2019 жылы елорда әкімдігі тағы 2 мыӊ сертификатты беруді жоспарлап отыр.

Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Білім беру, денсаулық сақтау, полиция департаменті қызметкерлеріне 1 млн теӊге көлемінде тұрғын үй сертификаттары беріледі, деп хабарлайды елорда әкімдігініӊ ресми сайты.

Бұл туралы Астана әкімі Бақыт Сұлтановтыӊ төрағалығымен 2018 жылдыӊ қорытындысы мен 2019 жылдыӊ жоспарларына арналған қала активініӊ кеӊейтілген аппараттық кеӊесінде айтылды.

"Мемлекет басшысы ауқымды "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасын іске қосты. Бүгінгі таӊда Астана бойынша екінші деӊгейдегі банктер жалпы сомасы 20,4 млрд теӊге болатын несиелерді мақұлдады, бұл 1400 отбасын пәтерлермен қамтамасыз етеді (13,1 млрд теӊге 874 отбасыға бөлінді). Бағдарлама қолжетімді болуы үшін біз жергілікті бюджеттен білім беру, денсаулық сақтау және полиция қызметкерлеріне тұрғын үй сатып алуға 1 миллион теӊге көлемінде әлеуметтік көмек береміз", - деді Бақыт Сұлтанов.

Өткен жылдыӊ аяғында бюджеттік сала қызметкерлері алғашқы 100 субсидияны алды. 2019 жылы елорда әкімдігі тағы 2 мыӊ сертификатты беруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, құрылыста проблемалық мәселелердіӊ бірі - құрылысы аяқталмаған нысандар немесе "ұзақ құрылыс" нысандары.

"Қалада мұндай нысандар саны - 29 (10344 үлескер). Үлескерлердіӊ проблемасын шешу үшін біз 2020 жылдыӊ соӊына дейін барлық проблемалық нысандардыӊ құрылысын аяқтау жөніндегі Жол картасын әзірледік. Қазіргі таӊда нақты экономикалық есептеулер жүргізіліп жатыр. Біз бұл проблеманыӊ шешімін табуға тырысамыз", - деп түйіндеді сөзін Б.Сұлтанов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны