19.04.2016, 20:42 4399

Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен серіктестік келісіміне қол қойды

Бұл жөніндегі құжатқа Ұлттық компания Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросыныӊ Төрағасы Қайрат Қожамжаров қол қойды.

Астана. 19 сәуір. Kazakhstan Today - "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ қызметініӊ ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру бойынша әрі жемқорлықты жоюға ықпал етуде әлеуметтік жауапкершілікті арттыру үшін екі жақ тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл жөніндегі құжатқа Ұлттық компания Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросыныӊ Төрағасы Қайрат Қожамжаров қол қойды.

"Біз үшін жемқорлықтыӊ қандай да бір белгілері турасында өзара ақпарат алмасу мәселесі маӊызды. Сонымен қатар, бірлескен жұмысымыз қоғам қызметкерлері тарапынан жемқорлық құқық бұзушылықтыӊ алдын-алуға, сондай-ақ жосықсыз компаниялармен келісімшарттар жасасуға жол бермеуге бағытталған. Мұныӊ барлығы Ұлттық бюро мен ұлттық компанияныӊ көздеген мақсаттарына сәйкес келеді", - деді Қайрат Қожамжаров. Осы ретте, Қайрат Қожамжаров келісімге қол қою бастамасы үшін Ахметжан Есімовке ризашылығын білдірді.

Ахметжан Есімов, ЭКСПО - Елбасы бастамасымен қолға алынған тәуелсіз Қазақстан тарихындағы еӊ ауқымды әрі орасан жоба: - "Бүгін біз осында жобаға қатысушы барлық компанияларды, бас мердігерлерімізді шақырдық. Бұл біреулерді қорқыту үшін емес, құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін жасалып отыр. Біздіӊ сыбайлас жемқорлыққа қарсы өкілдік жұмысы нағыз осы құқық бұзушылықтыӊ алдын-алып, оған жол бермеуге бағытталған. Еӊ бастысы, бизнес не қалайтынын, мемлекеттіӊ не қалайтынын түсінуіміз қажет. Илбетте, бизнес барынша көп пайда табуға, ал мемлекет қазіргі жағдайды ескерсек, шығындарды азайтуды қалайды", - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясыныӊ басшысы Ахметжан Есімов қол қойылған меморандумныӊ тек ресми сипатта ғана болмайтындығын ескерді. Құжат ашықтық пен жариялылық қағидаттары негізінде жасалған бірлескен әрі келісілген іс-қимыл негізінде серіктестіктіӊ тиімділігіне ықпал ететін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны