11.11.2016, 13:36 4379

"Астана" Халықаралық Қаржы орталығыныӊ делегациясы Оӊтүстік Кореяныӊ қаржы институттарымен келіссөздер жүргізді

Корея Қор Биржасына (KRX) барған кезінде АХҚО Басқарушысы Қ.Келімбетов корейлік серіктестерді Қаржы орталығыныӊ Елбасыныӊ Бес институционалды реформалары мен "Жүз нақты қадам" бастамасыныӊ аясында құрылғандығынан хабардар етті.

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтыӊ Оӊтүстік Корея Республикасына жасаған мемлекеттік іс-сапары аясында "Астана" Халықаралық Қаржы орталығыныӊ (АХҚО) делегациясы Оӊтүстік Кореяныӊ қаржы институттарымен келіссөздер жүргізіп, екіжақты меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Корея Қор Биржасына (KRX) барған кезінде АХҚО Басқарушысы Қ.Келімбетов корейлік серіктестерді Қаржы орталығыныӊ Елбасыныӊ Бес институционалды реформалары мен "Жүз нақты қадам" бастамасыныӊ аясында құрылғандығынан хабардар етті. Орталықтыӊ жүзеге асуы үшін Конституциялық Заӊ қабылданғанын, Заӊныӊ АХҚО қатысушыларына ерекше жағдай жасайтынын айтты. Сонымен қатар, капитал нарығын дамыту бойынша, жаӊа қаржылық құралдарды пайдалану тұрғысынан тәжірбие алмасу, ынтымақтасу мәселелері талқыланды. Тиімді серіктесу үшін, дәлірегінде, біріккен кәсіби білім бағдарламаларын ұйымдастыру, ғылыми зерттеулер конференциялары мен семинарларын өткізу мақсатында Ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Сонымен қатар, АХҚО Делегациясы Кореяныӊ капитал нарығын зерттеу Институты (KCMI) мен Кореяныӊ Каржылық инвестициялық Қауымдастығымен (KOFIA) келіссөздер жүргізді. Негізгі тақырып - Қазақстандағы қаржы нарығы функцияларыныӊ бекіп, бәсекегеқабілеттілігініӊ арту жолдары. Тараптар өзара қатынасты тереӊдету мақсатында Ынтымақтастық Меморандумына қол қойды.

Оӊтүстікорейлік "GivtechCo., Ltd." және "NongHuypBank" компанияларымен келіссөздер кезінде қазақстандық тарап ақша аудару және транзакциялық платформалар жүйелері саласындағы қауіпсіздік бойынша жеткен жетістіктерімен, бұған қоса, қаржы қызметтерініӊ "оӊай" әрі "жеӊілдетілген түрін" көрсететін бағдарламалармен танысты.

Ақпарат:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заӊға қол қойды. АХҚО-ныӊ мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деӊгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. Посткеӊестік кеӊістікте тұӊғыш рет ағылшын құқығыныӊ қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығыныӊ ресми тілі - ағылшын тілі болады.

АХҚО-ныӊ міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасыныӊ бағалы қағаздар нарығын дамыту, оныӊ халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

Корей биржасы (KRX) Идеривативтермен жұмыс істеу ауқымы бойынша аса ірі әлемдік биржа, капитализациясы бойынша әлемдік 20-қа кіреді. Акция, облигация, фьючерстермен сауда жасайды. Корей Қор биржасы, Корей фьючерлік Биржасы және KOSDAQ-тыӊ бірігу нәтижесінде құрылған.

Корея капитал нарығын зерттеу Институты (KCMI)- бұл капитал нарығыныӊ "миы" сынды, Корея Республикасындағы нарық және инвестициялық-қаржылық индустрияныӊ дамуы үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады.

Корея қаржы инвестициялық қауымдастығы (KOFIA) - 2009 жылы құрылған жалпыхалықтық ұйым. Корей Қор дилерлері Қауымдастығы (1953 ж.құрылған KSDA), Корей фьючерлік Қауымдастығы (1996 ж.құрылған KOFA) және Корей активтерді басқарушылардыӊ Қауымдастығы (1996 ж.құрылған AMAK) секілді 3 ұйымныӊ басын біріктірген өзін-өзі реттейтін ұйым.

KOFIA негізгі функциялары - құнды қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларын реттеу, инвесторларды қорғау, инвестициялық басқарушылар мен консультанттарды тіркеу және жұмысын қадағалау, листингке түсейтін акциялардыӊ биржадан тыс саудасын бақылау, облигациялардыӊ биржадан тыс саудасын қадағалау, қор және шұғыл нарықтарды зерттеу.

КомпанияGivtechCo., Ltd.- 2015 жылы қарашада құрылған, мақсаты электронды қаржылық қызметтер мен онлайн қаржылық операциялардыӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

NongHuypBank - "NongHuypFinancialGroupInc." компаниясыныӊ филиалы, Ұлттық ауылшарушылық кооперативтер федерациясына (NAFC) тиесілі. 2012 жылы құрылған. Қазір 1200 бөлімі бар. Активтерініӊ құны 180 млрд.АҚШ долларына теӊ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны